Өзбекстан Республикасы Мемлекеттік Кеден Комитетінің делегациясымен кездесу өтті

Өзбекстан Республикасы Мемлекеттік Кеден Комитетінің делегациясымен кездесу өтті

А.ж. 21 желтоқсанда Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Өзбекстан Республикасы Мемлекеттік Кеден комитетінің өкілдерімен кездесті.

Сапардың мақсаты мемлекеттік органдардың қызметін цифрландыру және цифрлық технологияларды қолданудағы қазақстандық модельдің тәжірибесін зерделеумен байланысты.

Делегация мүшелеріне «Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімі» (СДТБТ), «Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі» (ӘІБТ), «Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі» (ТСОБТ) ақпараттық жүйелері көрсетілді.

Тараптар ақпараттық жүйелердің іске асырылуы туралы, ақпараттық қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз етуге және дербес деректерді қорғауға байланысты мәселелерді талқылады.

Көрсетілім барысында «Qamqor» ақпараттық сервисінің жұмысы да таныстырылды.

Осы сервис арқылы азаматтар полицияға арыз беріп, оның қаралуын қадағалай алады, жол көлік оқиғаларында қатысқан көлікті тексере алады, әкімшілік айыппұлдардың бар-жоғы туралы біле алады, қылмыстық процеске қатысушылар тергеп-тексеру барысын, кәсіпкерлер тексерулердің заңдылығын тексере алады, сондай-ақ «Qamqor.gov.kz» сайтынан өзге де қызықтыратын ақпаратты көруге болады.

Кесдесу қорытындысы бойынша қатысушылар цифрландыру саласында алған қазақстандық тәжірибе  Өзбекстан Республикасының кеден ісі саласындағы ашықтықты қамтамасыз ететін ұқсас жүйелерді енгізуге және оңтайландыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Өз кезегінде өзбек тарапы жылы кездесу мен ауқымды көрсетілім үшін алғысын білдірді.

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті