Қазақстанда балалардың қатысуымен орын алған жол-көлік оқиғаларының саны өсуде

Қазақстанда балалардың қатысуымен орын алған жол-көлік оқиғаларының саны өсуде

Ағымдағы жылдың 4 айында Қазақстанда 3 677 апат тіркелді, онда 5 431 адам зардап шекті.

Жол көлік оқиғаларының (ЖКО) өсуі 10,3%-ды құрады, зардап шеккендердің саны 12,7%-ға өсті.

Түрлі ЖКО салдарынан 4 973 адам жарақат алды (13,4% - ға өсті) және 458 адам қайтыс болды (5,3% - ға өсті).

Жолдарда кәмелетке толмағандар өлімінің өсуі ерекше назар аударуға тұрарлық, олардың саны 699-дан 856-ға дейін артты және зардап шеккендердің жалпы санының 15,8%-ын құрайды.

Бұл ретте, кәмелетке толмағандардың қатысуымен орын алған жол апаттары себептерінің бірі – ересектер балалардың жолда жүруіне немқұрайды қарайды. Сонымен қатар 12 жасқа дейінгі балаларды арнайы ұстау құрылғысы немесе баланы қауіпсіздік белдігінің көмегімен отырғызып қоюға мүмкіндік беретін арнайы ұстау құрылғысы болмаған кезде тасымалдауға тыйым салуды көздейтін Жол жүрісі қағидаларынның талаптарын сақтамайды.

Жасалған орны бойынша жол апаттарының негізгі бөлігінің 74% - ы немесе 2 724-і елді мекендерде, 635-і халықаралық, республикалық маңызы бар трассаларда, 318-і облыстық, аудандық маңызы бар жолдарда тіркелді. Көбінесе ЖКО көлік құралдарының соқтығысуынан – 1515, сондай-ақ жаяу жүргіншілерді қағып кетуінен - 1377 факт орын алды.

Зерттеу нәтижелеріне сәйкес ЖКО-ның 96% жүргізушілердің кінәсінен (3566 факт), оның ішінде 109 алкогольдік немесе есірткілік мас күйде болған.

Ең көп өлім жағдайы бүйірлік соқтығысу нәтижесінде жасалды (қайтыс болғандардың жалпы санының 47%). Екінші орында – жаяу жүргіншіні қағып кетумен байланысты жол көлік оқиғалары (қаза болғандардың жалпы санының 29%) болып табылады. Белгіленген жылдамдықтың артуынан 969 ЖКО орын алған, онда 157 адам қаза тапты.

Бұрынғыдай жолдардағы апаттардың ең көп саны Алматы қаласына тиесілі - 985 жағдай, ал ең жоғары өлім көрсеткіші Алматы облысында анықталды - 110 адам қайтыс болды.

Елордада 162 ЖКО, Шымкент қаласында 102 ЖКО тіркелді.

Апаттардың ең аз саны Солтүстік Қазақстан – 48 және Маңғыстау-69 облыстарында жасалды.

Кейбір жағдайларда жол белгілерімен және жылдамдық өлшегіштерімен реттелмеген жолдар, сондай-ақ жаяу жүргіншілер қозғалысының бақылаусыздығы апаттардың себептері болуда. Сондай-ақ жүргізушілердің абайсыздығы мен жол қозғалысы ережелерін бұзуы басты себеп болып табылады.

Аталған фактілер бойынша ішкі істер органдары мен облыс әкімдіктері ақпараттандырылды.

Еліміздің жолдары мен көшелеріндегі апаттар туралы толық ақпаратты Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «qamqor.gov.kz» сайтының «Ақпараттық сервис» бөлімінде көруге болады.

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің баспасөз қызметі

press@kgp.kz