
2021 жылғы 11 наурызында нормативтік құқықтық актілердің ашық деректерінің интернет-порталында Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=7384123) «Қазақстан Республикасы Бас прокурорының міндетін атқарушының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 162 «Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актілерді, олардың мерзімдерін ұзарту және күшін жою туралы қосымша актілерді, тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау мерзімдерін тоқтата тұру, қайта бастау, ұзарту, қатысушылар құрамын өзгерту және тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну және олардың нәтижелері туралы хабарламаларды тіркеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрықтың жобасына» бұйрық жобасы (бұдан әрі – жоба) жарияланды.
Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне техникалық реттеу, Кәсіпкерлік, мемлекеттік басқару және төлемдер жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 397-VI ҚРЗ заңын (бұдан әрі - Заң) іске асыру мақсатында әзірленді.
Осы Заңмен Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 2-тармағына өзгерістер енгізілді, оған сәйкес а.ж. 1 шілдеден бастап Бас прокуратураға тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелеріне өзгерістер енгізу тәртібін айқындау бойынша құзырет берілді.
Бұйрық жобасын жария талқылау 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.