«Тексерулер жүргізудің жартыжылдық графиктерінің нысанын және тексерулер жүргізудің жартыжылдық графиктеріне өзгерістер енгізу тәртібін бекіту туралы» бұйрықтың жобасына баспасөз хабарламасы

«Тексерулер жүргізудің жартыжылдық графиктерінің нысанын және тексерулер жүргізудің жартыжылдық графиктеріне өзгерістер енгізу тәртібін бекіту туралы» бұйрықтың жобасына баспасөз хабарламасы

2021 жылғы 11 наурызында нормативтік құқықтық актілердің ашық деректерінің интернет-порталында Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=7385734) «Тексерулер жүргізудің жартыжылдық графиктерінің нысанын және тексерулер жүргізудің жартыжылдық графиктеріне өзгерістер енгізу тәртібін бекіту туралы» бұйрық жобасы (бұдан әрі – жоба) жарияланды.

Жоба Қазақстан Республикасының  2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 397-VI ҚРЗ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне техникалық реттеу, Кәсіпкерлік, мемлекеттік басқару және төлемдер жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңнын (бұдан әрі – Заң) іске асыру мақсатында әзірленді.

Осы Заңмен Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 2-тармағына өзгерістер енгізілді, оған сәйкес а.ж. 1 шілдеден бастап Бас прокуратураға тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелеріне өзгерістер енгізу тәртібін айқындау бойынша құзырет берілді.

Бұйрық жобасын жария талқылау 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.