«Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін өтініштерді тіркеу, есепке алу, сондай-ақ «Электрондық өтініштер» ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры бұйрығының жобасына баспасөз хабарламасы

2021 жылғы 10 наурызында нормативтік құқықтық актілердің ашық деректерінің интернет-порталында Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=7361433) «Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін өтініштерді тіркеу, есепке алу, сондай-ақ «Электрондық өтініштер» ақпараттық - талдау жүйесін жүргізу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы»бұйрық жобасы (бұдан әрі – жоба) жарияланды.

Осы жоба Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің  69-бабының 3-бөлігін іске асыру шеңберінде әзірленді.

Жобаны іске асыру мемлекеттік кірісті қысқарту немесе мемлекеттік шығысты арттыруды көздемейді, мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығынды және мемлекеттік органдардың  штат саны лимиттерінің өсуін талап етпейді, теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарына әкелмейді.

Бұйрық жобасын жария талқылау 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.