Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрық жобасы

2021 жылғы 3 ақпанда нормативтік құқықтық актілердің ашық  деректерінің интернет-порталында  (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=6714624) «Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрық жобасы  (бұдан әрі – жоба) жарияланды.

Жалпы, өзгерістер Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімін және қылмыстық-құқықтық саладағы сот есептерінің нысандарын, ақпараттық есепке алу құжаттары қалыптастыруды жүргізуді жақсартуға бағытталды.

 Бұйрық жобасын жария талқылау 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің баспасөз қызметі

press@kgp.kz