Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтаманы үйден шықпай қалай алуға болады

Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтаманы үйден шықпай қалай алуға болады

Бүгінгі таңда «Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметі толығымен автоматтандырылған.

Электрондық анықтаманы көрсетілген тәсілдердің бірі арқылы алуға болады:

- www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы және жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы (mgov мобильді қосымшасы);

- www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталында бір реттік SMS пароль сервисі арқылы;

- «EgovKzBot» Тelegram-бот арқылы.

Қызмет көрсетудің ең аз мерзімі – 10 минут, қосымша тексеру кезінде – 5 жұмыс күні.

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

Сонымен қатар, аталған мемлекеттік қызмет портал арқылы өзіне қатысты мәліметтер «Жеке кабинет» және (немесе) SMS-растау арқылы сұратылып отырған тұлғаның келісімі болған жағдайда үшінші тұлғаларға көрсетілуі мүмкін.

Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтамалар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 79-бабы тәртібінде соттылықтың жойылғанын ескере отырып берілетінін назарыңызға саламыз.

 

ҚР БП ҚСжАЕК баспасөз қызметі

press@kgp.kz