
Бүгінгі таңда елімізде Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «Qamqor» мобильді қосымшасы қызмет атқарады.
«Qamqor» қосымшасы бизнесті қорғауға және оған жәрдемдесуге бағытталған. Сонымен, кәсіпкердің ұялы телефонына алдағы тексеру туралы Puch-хабарлама келеді, онда тексеруге қатысатын адамдар, мерзімдері, негіздері, тексеру тақырыбы көрсетілген.
Осы қосымшаның көмегімен кәсіпкерлер QR-кодты сканерлеу арқылы тексеруді не профилактикалық бақылауды тағайындау туралы электрондық актінің дұрыстығын тексере алады, кәсіпкерлердің жиі қойылатын сұрақтарына жауаптарды көре алады.
Қосымшада прокуратура органдарына онлайн режимде шағым жолдаудың функционалы көзделгенін атап өткен жөн.
Келесі сілтемелер арқылы «Qamqor» қосымшасын көшіруге мүмкіндік бар:
Android үшін:
https://play.google.com/store/apps/details?id=com.zerotoonelabs.businesssupport
IOS үшін: