
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 8 шілдедегі №1612 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін аттестаттаудан өткізу туралы үлгі ережесінің (бұдан әрі – Ереже) 27-тармағына сәйкес Павлодар қаласы, Мира көшесі, 22 мекенжайы бойынша орналасқан «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Павлодар облысы бойынша басқармасы» ММ-нің ғимаратында 2021 жылғы 22-ші сәуірде сағат 10:00-де аттестаттау комиссиясының отырысын өткізу жоспарланды.
Ереже бойынша аттестаттау комиссиясы жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында атестаттау комиссиясы отырысына саны үштен аспайтын байқаушылар тартылады.
Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері байқаушылар бола алады.
Аттестаттау комиссиясы отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Павлодар облысы бойынша басқармасы» ММ-нің кадр бөлімшесіне 8 (7182) 53-68-38 телефон нөмірі арқылы хабарласу қажет.