БП

Меню

Страницы

Статья

Алматы облысы бойынша бос лауазымға орналасу туралы конкурс

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Алматы облысы бойынша Басқармасы (Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Абылайхана көшесі, құрылысы 160, тел. 8(7282) 24-10-40, 8(7282)24-07-36, 8-701-999-76-24, 7287160@kgp.kz) келесі 1 бос қызмет орны бойынша конкурс жариялайды:

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы қаласы бойынша басқармасының қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің  прокуроры – 1 бірлік.

Қызметтік міндеттері: Құқықтық статистика және арнайы есеп субъектілері ұсынатын құқықтық статистикалық ақпараттардың тұтастығы, объективтілігі, сенімділігі мен жеткіліктілігін бақылау және қадағалау; құқықтық статистика және арнайы есепке алуды қалыптастыру саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды анықтауға және жоюға бағытталған бақылау және қадағалау шараларының кешенін жүзеге асыру; құқықтық статистика және арнайы есепке алу мәселелері бойынша заң бұзушылықты жою мақсатында прокурорлық қадағалау актілерін жасау; мемлекеттік құқықтық статистика саласындағы ақпараттарды жинау, өңдеу, жаңарту және арнайы есептерді жүргізу; Қазақстан Республикасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқа да міндеттерді орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: атқаратын міндеттерге сәйкес, нақты лауазымға бағытталған жоғарғы кәсіби білімі; құқық қорғау органдары қызметіне өтуіне денсаулық жағдайы жағынан жарамдығы; нақты қызмет бойынша атқаратын міндеттерді орындау үшін міндетті білімі, ғылыми шеберлігі бар болуы қажет.

Еңбек жалақысы 143523 теңгеге дейін.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылады:

1)  Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының  04.05.2014 жылғы №40 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізуді бекіту туралы Ережесінің (әрі қарай - Ереже) 2-нысанды  қосымшасына сәйкес өтініш;

2) көрсетілген Ереженің 2 қосымшасына сәйкес сауалнама;

3) Ережедегі 4 қосымшаға сәйкес,  кадр есебі бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұратын жері және телефоны, оның ішінде байланыс телефоны);  

4) Ереженің 5 нысанды қосымшасына  сәйкес, қоса жақын туыстарын бұрынғы жұбайларымен қоса көрсете отырып өз қолымен және бастырылған түрде толтырылған өмірбаян;

5) Қазақстан Республикасы азаматтығын  куәландыратын жеке куәліктің нотариалды расталған көшірмесі;

6) білімі туралы нотариалды расталған құжаттардың көшірмесі;

7) нотариалды куаландыралған еңбек қызметін растайтын құжаттар көшірмесі;

8) әскери билет немесе әскерге шақырылғандар қатырына бар екендігі туралы куәлік көшірмесі;

9) 3х4 өлшемді фотосурет (3 дана);

10) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» № 410-V Заңына сәйкес, тұрғылықты мекен – жайындағы салық органынан үміткер және оның жұбайының табыстары және мүліктері туралы декларация ұсынылғаны жөніндегі құжаттары;

11) конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсыру уақытындағы, қолданыстағы заңнамаларды білу бойынша компьютерлік тестілеудің шекті белгіден төмен емес нәтижесі;

Ереженің 6 қосымшасына сәйкес тестілеу Бағдарламасында көрсетілген Нормативтік құқықтық актілер сұрағы бойынша жалпы саны 70% дұрыс жауабын құрайды.

12) прокуратура органдарында қызмет өткеруге жарамдылығын анықтау үшін медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден өтудің және міндетті арнайы тексерістің қорытындылары.

13) Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарынан соттылығы жоқтығы, бір жыл ішінде қасақана құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғандығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімішілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылғандығының бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама;

14) соңғы жұмыс орнынан (оқу орны) мінездеме.

Үміткерлер біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби дәрежесіне және іскери абыройына байланысты  (ғылыми (академиялық) дәрежелерді иемдену және шен, мінездеме, ұсыныстар, ғылыми жариялымдар біліктілікті жоғарылату туралы) толығырақ мәліметтер ұсына алады.

Конкурсты жүргізу туралы соңғы жарияланым жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде, папкаға салынған құжаттар, ұсынылған құжаттар тізімін көрсете отырып қолма қол немесе почта арқылы Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Абылайхана көшесі, құрылыс 160, мекенжайына ұсынылады.

Дата публикации
02 марта 2021
Дата обновления
02 марта 2021
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Қоғамдық пікір
10 мая 2022
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің құттықтауы
Қоғамдық пікір
22 апреля 2022
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының құттықтауы

Социальные медиа

Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті
Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті
Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті
Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті
telegram
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы