
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 8 шілдедегі №1612 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін аттестациядан өткізу туралы үлгі ереженің 27-тармағына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы, Ж.Омарова көшесі, 60 мекенжайы бойынша орналасқан «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Аймақтық көліктік басқармасы» ММ-нің ғимаратында 2020 жылғы 23-ші желтоқсанда сағат 11:00-де аттестаттау комиссиясының отырысын өткізу жоспарланғанын хабарлаймыз.
Әңгімелесуге Басқарманың қылмыстық құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің аға прокуроры Ерлан Болатович Кульдыбаев жіберілді.
Ереже бойынша аттестаттау комиссиясы жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында аттестаттау комиссиясы отырысына саны үштен аспайтын байқаушылар тартылады.
Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері байқаушылар бола алады.
Аттестаттау комиссиясы отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Аймақтық көліктік басқармасы» ММ-нің кадр бөлімшесіне жазбаша арызбен жүгіну қажет және туындаған сұрақтар бойынша 8 (7172)- 320540, 320514 телефон нөмірлеріне хабарласу қажет.