
А.ж. 23-24 қараша аралығында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті (бұдан әрі – Комитет) Қырғыз Республикасы Бас прокуратурасының қызметкерлеріне арналған бейнеконференцбайланыс арқылы оқу-танымдық курсын ұйымдастырды.
Оқу курсының негізгі мақсаты «Әкімшілік іс-жүргізулердің бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйесін енгізу бойынша қазақстандық тәжірибені зерделеу болды. Бұл Қырғызстанда осы жүйеге ұқсас «Бұзушылықтардың бірыңғай тізілімі» жүйесін енгізумен байланысты.
Кездесу барысында қырғызстандық әріптестерге «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан қылмыстық процесті, тексерулер тағайындауды, арнайы есепке алу жүйелерін автоматтандыру жұмысы көрсетілді.
Қырғызстан Бас прокуратурасының өкілдері қазақстандық тараптың тәжірибесі өте пайдалы екенін және құқық қорғау органдарының жұмысын жетілдіру кезінде пайдаланылатынын атап өтті.
ҚР БП ҚСжАЕК Баспасөз қызметі