
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 8 шілдедегі №1612 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін аттестациядан өткізу туралы үлгі ереженің (бұдан әрі - Ереже) 27-тармағына сәйкес, Ақтөбе қаласы, Алтынсарин көшесі, 45 мекенжайы бойынша орналасқан «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасы» ММ-нің ғимаратында 2020 жылғы 19-ші мамырда сағат 09:00-де аттестаттау комиссиясының отырысын өткізу жоспарланғанын хабарлаймыз.
Әңгімелесуге басқарманың 1 қызметкері жіберілді (Неталин Айтуган Айбулатович).
Ереже бойынша аттестаттау комиссиясы жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында аттестаттау комиссиясы отырысына саны үштен аспайтын байқаушылар тартылады.
Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері байқаушылар бола алады.
Аттестаттау комиссиясы отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасы» ММ-нің кадр бөлімшесіне жазбаша арызбен жүгіну қажет және туындаған сұрақтар бойынша 8 (7132)-217891, 213025 телефон нөмірлеріне хабарласу қажет.