
Бүгін Бас прокурор Ғизат Нұрдаулетов Беларусь Республикасы Тергеу комитетінің төрағасы Иван Носкевичпен кездесті.
Қадағалау агенттігінің басшысы Қазақстан мен Беларусияның достық қарым-қатынастары демократияны, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтудағы өзара қызығушылықта негізделгені туралы атап өтті.
Ол мұндай сапарлар екіжақты қатынастардың дамуына қосымша серпін беретіндігін және трансұлттық қылмысқа қарсы іс-қимыл мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың біріктірілген күш-жігерінің кепілі болып табылатындығын атап өтті.
Өз кезегінде Иван Носкевич екі ел арасындағы қалыптасқан ведомствоаралық ынтымақтастыққа оң баға берді және оны одан әрі дамытуға дайын екендігін білдірді.
Кездесу барысында тараптар қылмыстық іс жүргізу және қылмысқа қарсы күрес саласындағы озық тәжірибелермен алмасты.
Сонымен қатар, қонақтарға Бас прокуратураның «Электрондық қылмыстық іс», «Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі», «Тексеру объектілері мен субъектілерінің бірыңғай тізілімі», «Электрондық өтініштер» және «Талдау орталығы» сандық жобалары ұсынылды.
Кездесу соңында Ғизат Нұрдәулетов өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендігін білдірді.