
"Бірыңғай біріздендірілген статистикалық жүйе" (ББСЖ) қылмыстық, азаматтық және әкімшілік құқықтық статистика саласындағы статистикалық есептер мен талдамалық мәліметтерді қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
"Арнайы есепке алу" (АЕА ААЖ) – бұл есепке алудың барлық түрлерінің, оның ішінде қылмыстық жауапкершілікке тартылған, сотталған, іздестіріліп жатқан, сот әрекетке қабілетсіз және әрекет қабілеті шектеулі деп таныған, мемлекеттік қызметтен теріс себептермен босатылған адамдарды, экстремистер мен террористерді есепке алудың деректер банкі.
"Автоматтандырылған дактилоскопиялық ақпараттық жүйе" (АДИС) - бұл саусақ іздері арқылы жеке тұлғаны анықтауға мүмкіндік беретін банк. Дактилоскопиялық есепте тұрған, белгілі бір тұрғылықты жері және жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдар туралы мәліметтерден тұрады.
"Тұлғалардың өтініштерін бірыңғай есепке алу" (ЕУОЛ) - бұл мемлекеттік органдарға жеке және заңды тұлғалардың барлық өтініштерінің дерекқоры, олардың қозғалысы және қарау нәтижесі.
"Шектеу" борышкерлердің орталықтандырылған деректер банкі ("Шектеу" ОДБ) мемлекет алдында борыштық міндеттемелері бар барлық жеке және заңды тұлғалар туралы деректерді, заңнамада көзделген шектеулердің және борышкердің Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуын шектеу, лицензиялар мен рұқсаттар беруге уақытша тыйым салу, борышкерге бұрын берілген лицензиялар мен рұқсаттардың іс-әрекеттерін тоқтата тұру туралы қабылданған сот актілерінің болуы туралы мәліметтерді қамтиды.
"Ақпараттық сервис" (http://qamqor.gov.kz) мүдделі мемлекеттік органдарға құқықтық статистика және арнайы есепке алу жүргізуіндегі уақтылы, толық және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету үшін Комитеттің жоғарыда көрсетілген ақпараттық базаларына (ББСЖ, АЕА ААЖ, ЕУОЛ, "Шектеу") қашықтан қол жеткізуді ұсынады.
"Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесі" (ҚАО ААЖ) - мемлекеттік органдардың деректер базасынан қажетті ақпаратты электрондық түрде (on-line режимде) алуға, жедел ден қоюға және ақпаратты қызметтік мақсаттарда пайдалануға арналған портал
"Сотқа дейінгі тергеп - тексерудің бірыңғай тізілімі" (СДТБТ АЖ) - қылмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеуге, қылмыстық істерді тергеуге (оның ішінде электрондық форматта), сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысын прокурорлық қадағалауға және қылмыстық істерді сотқа жіберуге арналған автоматтандырылған деректер базасы.
"Қадағалау" -Бас прокуратураның бірыңғай ақпараттық-талдау жүйесі, прокуратура органдары ішіндегі, прокуратураның аумақтық органдары мен мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесіне қосылған басқа да мемлекеттік органдар арасындағы құжат айналымы процестерін автоматтандыруға, сондай-ақ мемлекеттік-құқықтық статистика есептілігін қалыптастыруға арналған.
"ҚР БП ҚСжАЕК ақпараттық жүйелерінің интеграцияланған Талдамалық құрамдас бөлігі" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі ("Oracle Bi") - Комитеттің ақпараттық жүйелерінде қамтылған электрондық ақпараттық есепке алу құжаттарының негізінде кез келген сұрау салулар мен есептерді қалыптастыруға мүмкіндік беретін Талдамалық құрал болып табылатын ақпараттық талдамалық жүйе.