Көліктегі департаменті конкурс жариялау туралы

«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің көліктегі департаменті» ММ Астана қаласы, Жақып Омаров көшесі, 60-үй, тел. 8 (777) 138-13-18, эл.почта 7170316@kgp.kz, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің көліктегі департаментінің қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің прокуроры (С-ОКSGP-7, 2-бірлік), Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің көліктегі департаментінің азаматтық және әкімшілік салалардағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің прокуроры (С-ОКSGP-7, 1-бірлік) бос лауазымдарына конкурс жариялайды.

Кандидат Қазақстан Республикасының Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес мынадай құжаттарды қолма қол береді немесе жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша жібереді:

1) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 256, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының м.а. 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 40, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 1009, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 358 және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 485 бірлескен бұйрығымен бекітілген, Конкурстық комиссияны қалыптастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын, конкурс кезеңдерін өткізу мерзімдерін, сондай-ақ құқық қорғау органдарындағы бос және уақытша бос лауазымға орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесін бекіту туралы Қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі не оның электрондық нысаны;

3) Білім туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификация рәсімінен өткенін немесе танылғанын растайтын құжаттар (шетелдік білім беру мекемелері берген дипломдар үшін салыстырып тексеру үшін түпнұсқалар);

4) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылып толтырылған егжей-тегжейлі өмірбаяны;

5) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама;

6) әскери билет немесе тіркеу куәлігі.

Құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тартуы және конкурстың келесі кезеңдеріне жібермеуі үшін негіз болып табылады.

Органның бос лауазымдарына конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардан құжаттарды қабылдауды орган конкурс өткізу туралы хабарландыруды соңғы жариялаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

хабарландыру
Дата публикации
16 июня 2025