Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Аймақтық көліктік басқармасы бойынша басқармасы (Астана қ., Ж.Омаров көшесі 60, тел: 8(7172)320514, 8-701-700-22-92, 7170316@kgp.kz) бос лауазымға орналасу бойынша конкурс жариялайды:
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Аймақтық көліктік басқармасы бойынша басқармасының азаматтық және әкімшілік салалардағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің прокуроры – 1 бірлік.
Қызметтік міндеттері: Құқықтық статистика және арнайы есеп субъектілері ұсынатын құқықтық статистикалық ақпараттардың тұтастығы, объективтілігі, сенімділігі мен жеткіліктілігін бақылау және қадағалау; құқықтық статистика және арнайы есепке алуды қалыптастыру саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды анықтауға және жоюға бағытталған бақылау және қадағалау шараларының кешенін жүзеге асыру; құқықтық статистика және арнайы есепке алу мәселелері бойынша заң бұзушылықты жою мақсатында прокурорлық қадағалау актілерін жасау; мемлекеттік құқықтық статистика саласындағы ақпараттарды жинау, өңдеу, жаңарту және арнайы есептерді жүргізу; Қазақстан Республикасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқа да міндеттерді орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: атқаратын міндеттерге сәйкес, нақты лауазымға бағытталған жоғарғы кәсіби білімі; құқық қорғау органдары қызметіне өтуіне денсаулық жағдайы жағынан жарамдығы; нақты қызмет бойынша атқаратын міндеттерді орындау үшін міндетті білімі, ғылыми шеберлігі бар болуы қажет.
Еңбек жалақысы 143522 теңгеден 194 313 теңгеге дейін.
Сайысқа қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылады:
1) конкурсқа қатысуға өтініш;
2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
4) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген заңнаманы білуге және жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеудің нәтижесі;
5) жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылып толтырылған егжей-тегжейлі өмірбаяны;
6) кез келген өңірде қызмет атқаруға келісім беру туралы өтініші;
7) әскери билет немесе тіркеу куәлігі.
Үміткерлер біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби дәрежесіне және іскери абыройына байланысты (ғылыми (академиялық) дәрежелерді иемдену және шен, мінездеме, ұсыныстар, ғылыми жариялымдар біліктілікті жоғарылату туралы) толығырақ мәліметтер ұсына алады.
Конкурс өтетіндігі туралы аталған хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күн ішінде, папкаға салынған құжаттар, олардың тізімін көрсете отырып қолма қол немесе почта арқылы Астана қаласы, Ж.Омаров көшесі 60, мекенжайына ұсынылады.