Аттестацияны өткізу туралы.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 8 шілдедегі №1612 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін аттестациядан өткізу туралы үлгі ереженің  (одан әрі – Ереже) 27-тармағына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласы, Ж.Омаров көшесі, 60 үй мекенжайы бойынша орналасқан «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Әскери басқармасы» ММ ғимаратында 2022 жылғы 21 қыркүйекте сағат 11:00-де аттестаттау комиссиясының отырысын желіде өткізу жоспарланды.

Ереже бойынша аттестаттау комиссиясы жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына үшеуден аспайтын байқаушылар тартылады.

Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері байқаушылар бола алады.

Аттестаттау комиссиясы отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Әскери басқармасы» ММ кадр бөлімшесіне 8 (7172)-32-42-98 телефон нөмірі арқылы хабарласу қажет.

Дата публикации
14 сентября 2022