Әкімшілік істерді қарау бойынша соттардың жұмысы туралы есептердің, электронды ақпараттық есепке алу құжаттарының нысандарын және оларды енгізу мен қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Әкімшілік істерді қарау бойынша соттардың жұмысы туралы есептердің,  электронды ақпараттық есепке алу құжаттарының нысандарын және оларды енгізу мен қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

     

 «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 6) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

  1.   Мыналар:  

1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Бірінші сатыдағы соттардың әкімшілік істерді қарауы бойынша есеп» № 5 нысаны;

2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Апелляциялық сатыда әкімшілік істерді қарау бойынша есеп» № 5А нысаны;

3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес «Кассациялық сатыда әкімшілік істерді қарау бойынша есеп» № 5К нысаны;

4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес «Бірінші сатыдағы сот қараған әкімшілік іске (талап қою) 1-электронды ақпараттық есепке алу құжаты»  нысаны;

5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес «Апелляциялық сатыдағы сот қараған әкімшілік іске 2-электронды ақпараттық есепке алу құжаты» нысаны;

6) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес «Кассациялық сатыдағы сот қараған әкімшілік іске 3-электронды ақпараттық есепке алу құжаты» нысаны; 

  7) осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы сот органдарының ақпараттық жүйесіне электронды ақпараттық есепке алу құжаттарын енгізу және әкімшілік істерді қарау бойынша соттардың жұмысы туралы есептерді қалыптастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін. 

  1. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):

 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсына орналастыруды;   

 3) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы  Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін  қамтамасыз ету департаментіне (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты), Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жіберуді қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасына жүктелсін.
  2. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Казақстан Республикасының

Бас Прокуроры

 

 

Г. Нурдаулетов

 

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы

Жоғарғы Сотының жанындағы

Соттардың қызметін қамтамасыз ету

департаменті               
(Қазақстан Республикасы

Жоғарғы Сотының аппараты)

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 26.06.2021

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 23196 болып енгізілді

 

Результаты согласования

Генеральная прокуратура РК - начальник Департамента координации нормотворческой деятельности ГП РК Алмаз Оралович Мухаметжанов, 15.06.2021 18:03:46, положительный результат проверки ЭЦП

Министерство юстиции РК - Вице-министра Наталья Виссарионовна Пан, 21.06.2021 16:48:15, положительный результат проверки ЭЦП

Результаты подписания

ҚР Бас прокуратурасы - Казақстан Республикасының Бас Прокуроры Г. Нурдаулетов, 22.06.2021 09:37:36, положительный результат проверки ЭЦП

Бұйрық
Дата публикации
28 июня 2021