Тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерінің нысанын және тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелеріне өзгерістер енгізу тәртібін бекіту туралы

Тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерінің нысанын

және тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелеріне өзгерістер

енгізу тәртібін бекіту туралы     

 

          Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабы 2-тармағының он бесінші және он алтыншы бөліктеріне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:        

  1. Мыналар:

1)   тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерінің нысаны осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;

2)   Тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелеріне өзгерістер енгізу қағидалары осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

  1. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсына орналастыруды;   

3) осы бұйрықтың көшірмесін мүдделі мемлекеттік органдарға, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың прокурорларына және оларға теңестірілген прокурорларға,                 сондай-ақ Комитеттің аумақтық органдарына мәлімет үшін жіберуді қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасына жүктелсін.
  2. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Казақстан Республикасының Бас Прокуроры

 

Г. Нурдаулетов

 

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы

Қорғаныс министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрлігі


«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы

Энергетика министрлігі

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 02.06.2021

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 22911 болып енгізілді

 

Результаты согласования

Генеральная прокуратура РК - Начальник отдела международного сотрудничества и координации нормотворческой деятельности управления организационно-кадровой работы Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан Гульшат Тайлаковна Коканова, 24.05.2021 14:58:49, положительный результат проверки ЭЦП

Министерство финансов РК - Вице-министр финансов Марат Елеусизович Султангазиев, 26.05.2021 18:03:31, положительный результат проверки ЭЦП

Министерство здравоохранения Республики Казахстан - Первый вице-министр здравоохранения Республики Казахстан Марат Едигеевич Шоранов, 27.05.2021 17:53:09, положительный результат проверки ЭЦП

Министерство обороны Республики Казахстан - Министр обороны Республики Казахстан Нурлан Байузакович Ермекбаев, 27.05.2021 19:47:13, положительный результат проверки ЭЦП

Министерство по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан - Министр по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан Юрий Викторович Ильин, 26.05.2021 08:58:02, положительный результат проверки ЭЦП

Министерство внутренних дел РК - Министр внутренних дел Республики Казахстан Ерлан Заманбекович Тургумбаев, 27.05.2021 16:21:24, положительный результат проверки ЭЦП

Министерство энергетики Республики Казахстан - министр Нурлан Аскарович Ногаев, 27.05.2021 20:13:26, положительный результат проверки ЭЦП

Министерство юстиции РК - Вице-министра Наталья Виссарионовна Пан, 28.05.2021 19:36:19, положительный результат проверки ЭЦП

Результаты подписания

ҚР Бас прокуратурасы - Казақстан Республикасының Бас Прокуроры Г. Нурдаулетов, 31.05.2021 14:58:53, положительный результат проверки ЭЦП

приказ
Дата публикации
04 июня 2021