«Азаматтық-құқықтық саладағы соттық статистикалық есептердің нысандарын және оларды қалыптастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 2 қарашадағы № 124 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Азаматтық-құқықтық саладағы соттық статистикалық есептердің нысандарын және оларды қалыптастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 2 қарашадағы № 124 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы        

        

         БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Азаматтық-құқықтық саладағы соттық статистикалық есептердің нысандарын және оларды қалыптастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 2 қарашадағы № 124 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16009 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

         тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

         «Азаматтық-құқықтық саладағы сот статистикалық есептерінің нысандарын және оларды қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Бірінші сатыдағы соттардың азаматтық істерді қарауы бойынша есеп» № 2-нысаны осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;   

         көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Апелляциялық сатыда азаматтық істерді қарау бойынша есеп» № 7-нысаны осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Кассациялық сатыда азаматтық істерді қарау бойынша есеп» № 7-К нысаны осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Кассациялық сатыда сот актілерін қайта қарау бойынша есеп» № 8-К нысаны осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

         осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы сот органдарының ақпараттық жүйесіне электрондық ақпараттық есепке алу құжаттарын енгізу және азаматтық-құқықтық саладағы есептерді қалыптастыру туралы нұсқаулықта:

         3-тармақта орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тілінде мәтін өзгермейді;

         11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

         «11. «Іс жүргізу түрі» 4-деректемесі істің санатына байланысты толтырылады.

1-бөлімнің «Іс санаты (статистикалық есеп үшін)» 10-деректемесі іс жүргізудің мынадай түрлері бойынша толтырылады:

1) ҚР СО АЖ-ның нормативтік-анықтамалық ақпаратына (бұдан әрі – ҚР СО АЖ НАА) сәйкес «Бұйрық арқылы іс жүргізу істер санаты» бұйрықтық іс жүргізу бойынша толтырылады. Бұйрықтық  іс жүргізу істер санаты есеп жолдарында Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР АПК) 135-бабының талаптарына сәйкес анықталады;

2) «Талап қою іс жүргізуі істерінің санаты» ҚР СО АЖ НАА-ға сәйкес талап қою іс жүргізуі бойынша. Талап қою іс жүргізуі санаты есептің жолдарында  талап қою арызының талаптарына сәйкес анықталады.

«Жалақыны төлеу туралы» жолында жалақыны төлемеу немесе тиісті түрде төлемеу, жәрдемақы, сыйақы, артық жұмысы үшін ақшалай қаражаты, моральдық зиянға төлеу (жұмысқа қайта алумен байланысты емес) бойынша материалдық сипаттағы талап қою талаптары көрсетіледі.

«Шартты жасаумен, өзгертумен, бұзумен және шарттық міндеттерді орындаумен байланысты даулар» жолында шарттық құқықтық қатынас саласындағы даулар туралы талап қою арыздары (істер) көрсетіледі.

Тараптардың бірі заңды тұлғалар немесе кәсіпкерлер болып табылатын шартты құқықтық қатынастармен байланысты істер «Кәсіпкерлік қызметті іске асыратын заңды тұлғалар, азаматтар арасындағы даулар» жолында, оның ішінде квазимемлекетік сектор субъектілерінің нысанында заңды тұлғалардың (Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 3-бабы 1-бөлігі 31) тармақшасы) және мемлекеттік мекемелердің қатысуымен (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – ҚР АК) 105-бабы) байланысты істер «квазимемлекеттік сектордың қатысуымен» және «мемлекеттік мекемелердің қатысуымен» жолдарында көрсетіледі.

Мемлекеттік органдардың талап қою арыздары бойынша «Арыз берді» 8-деректемесінде «мемлекеттік орган» негізгі мәні көрсетіледі, талап қою арызын мемлекеттік органға берген жағдайда, «Іс санатына қосымша» деректемесінде «мемлекеттік органға» негізгі мәнін таңдау қажет.

Прокуратура органдарының заңсыз әрекеттерімен келтірілген залалды өтеу туралы арыз берген жағдайда  126-жолда «прокуратура органдары» тиісті негізгі мәні таңдалады.

Бірнеше талап қою арыздарының талаптары біріктірілген талап қою берілген жағдайда, есептің жолында оларды негізгі талап бойынша ескеру керек.

         Талап қою талаптарының «негізгі» санатына жатқызу туралы мәселені, іс жүргізуінде біріктірілген істер бар судья шешеді;

         3) егер іс жүргізу түрі ерекше талап қою іс жүргізуіне жататын болса, онда «Іс санаты (статистикалық есеп үшін)» деректемесі «Ерекше талап қою іс жүргізуі ісінің санаты» ҚР СО АЖ НАА-ға сәйкес анықталады. Есептің жолдарында ерекше талап қою іс жүргізу істерінің санаты ҚР АПК-нің 30-тарауының талаптарына сәйкес анықталады.»; 

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 

«12. Істі соттың іс жүргізуіне қабылдау туралы судьяның ұйғарымы шыққанға дейін, алдын ала істің санатын арызды қабылдаған сот кеңсесінің қызметкері анықтайды.

Істі соттың іс жүргізуіне қабылдау туралы сот ұйғарымы шыққаннан кейін, кеңсе қызметкері судья ұйғарымының жоғарғы оң жақ бұрышында және ҚР СО АЖ-да көрсетілген іс санатына салыстырып тексеру жүргізеді, айырмашылық болған жағдайда, сотпен келісе отырып, оның өзгертілуі жүзеге асырылады.

      Егер іс материалдарында (арызда) шет ел азаматтарының, орта және шағын кәсіпкерлік субьектілерінің қатысуы туралы мәліметтер, мүгедектерден, әйелдерден, кәмелетке толмағандардың мүддесіне келіп түскен талап қою арыздары туралы мәліметтер болса, онда «Іс санатына қосымша (статистикалық есеп үшін)» 11-деректемесінде тиісті кодтық белгілер көрсетіледі.

«Әйел жынысты адамдардың талап қоюлары бойынша» жолында әйел –жеке тұлғалардан, әйел – жеке кәсіпкерлерден келіп түскен арыздар көрсетіледі.

      Сот актілерінде халықаралық шарттарға сілтемелер болған жағдайда, халықаралық шарттың түрін таңдай отырып, «Іс жүргізу серпіні туралы мәлімет (Сот шешімі)» 12-бөлімінің «Адам құқықтары жөніндегі әмбебап конвенциялардың қолданылауымен қаралды» деректемесі толтырылады.»; 

15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«15. «Сот шығындары мен мемлекеттік бажды өндіріп алу туралы мәлімет» 3-бөлімінде іс материалына сәйкес сот шығындары (теңгеде) туралы мәлімет көрсетіледі. 

         ҚР АПК-нің 109-бабына сәйкес сот іс бойынша келтірілген барлық сот шығындарын тағайындайды және сот актісінде мемлекеттік баж төлеуге жататын сома және төленген мемлекеттік баж сомасы көрсетіледі.

 Егер сот арыз берушінің мемлекеттік бажды артық төлегенін анықтаса, онда «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 108-бабына сәйкес сот актісінде қайтарылуға жататын мемлекеттік баж сомасын талап қоюшы сотқа талап қою берген кезде артық төлеген ретінде көрсетеді.

Егер сотқа талап қоюмен прокурор жүгінсе, онда ҚР АПК-нің 117-бабының 1-бөлігіне сәйкес талап қоюшы төлеуден босатылған мемлекеттік баж, сондай-ақ іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындар мемлекет кірісіне сот шығыстарын төлеуден босатылмаған жауапкерден толық немесе талап қоюдың қанағаттандырылған бөлігіне пропорционалды өндіріліп алынады. Сәйкесінше, төлеусіз қабылданған мемлекеттік баж сомасы «Төлеусіз қабылданған мемлекеттік баждың сомасы», «Прокурордың талап қоюы бойынша төлеусіз қабылданған» деректемелерінде көрсетіледі және мемлекет мүддесінде болған жағдайда «Мемлекеттің мүддесінде прокурордың талап қоюы бойынша төлеусіз қабылданған» деректемесі толтырылады.

ҚР АПК-нің 117-бабының 3-бөлігіне және Салық кодексінің 616-бабына сәйкес мемлекеттік бажды төлеуден босатылған тараптардың талап қоюын қанағаттандырудан бас тартқан жағдайда, іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығыстар республикалық бюджеттің есебіне жатқызылады.

Осыған байланысты, «Сот шығыстары мен мемлекеттік бажды өндіріп алу туралы мәлімет» 3-бөлімінде, Салық кодексінің 610-бабына сәйкес мемлекеттік баждың сомалары 1, 6 және 10-деректемелерде көрсетіледі.»;  

22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:            

«22. 8-бөлімнің  1-15-деректемелері талап қою арызы  келіп түскен күннен бастап толтырылады.

       Судья талап қою арызын қабылдаудан бас тартқан жағдайда міндетті 7, 9 -деректемелері толтырылады; талап қоюдың ҚР АПК-нің 149-бабының және 151-бабының 1-бөлігі 1) - 4) тармақшаларының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда талап қою арызын қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарым шығарады; судья талап қою арызын қайтарған жағдайда міндетті 8, 9-деректемелері толтырылады.

ҚР АПК-нің 152-бабы 1-бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес іс осы соттың соттылығына жатпаса, судья талап қою арызын қайтарады. 8-бөлімнің  10,11-деректемелерінде соттың атауы және арыздың соттылығы бойынша жіберілген күні көрсетіледі.

ҚР АПК-нің  34-бабына сәйкес соттар арасындағы соттылығы туралы дауларды сот шешеді және істі басқа сотқа жіберу туралы мәселе бойынша ұйғарым шығарылады. Мұндай істер бойынша, 12-бөлімнің  5-деректемесінде шешімнің (ұйғарымның) шығарылу күні, 12-бөлімнің  1-деректемесінде сот актісінің түрі – ұйғарым деп, 12-бөлімнің  2-деректемесінде «іс соттылығы бойынша жіберілді» негізгі мәні көрсетіледі.

Судья ҚР АПК-нің 463-бабына сәйкес жаңадан ашылған мән жайлар бойынша арызды қанағаттандыру туралы ұйғарым шығарған және шешімнің, ұйғарымның күшін жойған жағдайда, 1-бөлімнің  «Келіп түсу тәртібі» 7-деректемесінде «жаңадан ашылған мән жайлар бойынша шешімді жойғаннан кейін» негізгі мәні көрсетіледі, ал 8-бөлімнің  12-деректемесінде шешімнің (ұйғарымның) күшін жою туралы ұйғарым шығарылған және жаңадан ашылған мән жайлар бойынша алғашқы сот актілерінің күшін жоюмен байланысты істер бойынша іс жүргізулердің жаңартылған күні көрсетіледі.

Азаматтық істі біріккен іс жүргізулер қатарынан негізгі іске (негізгі істің нөмірін сақтай отырып) жатқызу туралы мәселе іс жүргізуінде істер жатқан судьяның ұйғарымымен шешіледі.

Бір іс жүргізуде сол бір жауапкерге әртүрлі талап қою арыздары бойынша азаматтық істер не бір талап қоюшының әртүрлі жауапкерлерге талап қою арыздары бойынша, сол бір тараптар қатысатын біртекті істер бойынша істер біріктіріледі.

Бірнеше азаматтық істер бір іс жүргізуге біріктірілген жағдайда, қарау нәтижесі (сот актілері) 1 ЭАЕҚ-да негізгі азаматтық іс бойынша ғана көрсетілуі тиіс.»;  

23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:     

«23. Істердің барлық санаттары есептің жолдық көрсеткіштерінде ескеріледі. Мынадай жағдайларда: егер талап қою арызы талап қою іс жүргізуіне жататын істің санаты бойынша келіп түссе, бірақ ол бойынша негізгі мән болмаса, онда мұндай істердің санатын басқа талап қою істеріне жатқызу және бұл туралы Комитетпен келісе отырып, есепке осы санатты енгізу туралы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотын хабардар ету қажет. Мұндай істерді қарау нәтижелері істердің нақты санаты бойынша ғана көрсетіледі.

«Ерекше іс жүргізудегі басқа істер» жолында тек өткен жылдардың азаматтық істері көрсетілуі тиіс.

Ескертпе: 82-92, 94-жолдар бойынша экономикалық, технологиялық, ақпараттық қауіпсіздікке байланысты даулар (74-жол), заңды тұлғалар, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар арасындағы даулар (70-жол) туындауы мүмкін сатып алу-сату, сыйға тарту, лизинг, сақтау және басқа да шарттар көрсетіледі және қажеттілігіне қарай аталған істер санаттарының анықтамалығынан (74, 70-жолдардың көрсеткіштері) негізгі мәндер шарттармен бір мезгілде толтырылуы мүмкін.

ҚР АПК-нің 165-бабы 14-тармағының талаптарына сәйкес талапкердің арызы бойынша сот ол берген талап арызды қайтару туралы ұйғарым шығарады, содан кейін 1-деректеме сот актісінің түрі, ұйғарым және 2-деректеме қарау нәтижесі толтырылады, талап арыз (арыз, шағым) қайтарылып, 12-бөлімнің 7-деректемесі сот актісінің шығарылған күні көрсетіледі.»; 

75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«75. Есеп бес кестеден тұрады. А кестесінде өтінішхаттардың қозғалысы көрсетіледі, Б кестесінде – кассациялық сатыда сот актілерін қайта қарау нәтижелері туралы мәліметтер, в кестесінде – наразылықтары бар істердің қозғалысы туралы мәліметтер, Г кестесінде – шағым жасалған сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы қаулылары бар істердің қозғалысы туралы мәліметтер, Д кестесінде-жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша сот актілерін қайта қарау жөніндегі өтініштерді қарау туралы мәліметтер көрсетіледі.»;

76-тармақ алып тасталсын.

  1. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):

         1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

         2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды; 

3) осы бұйрықтың көшірмесін құқықтық статистика және арнайы есепке алудың мүдделі субъектілеріне, сондай-ақ Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жіберуді қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасына жүктелсін.
  2. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Казақстан Республикасының Бас Прокуроры

 

Г. Нурдаулетов

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Жоғарғы Сотының жанындағы

соттардың қызметін қамтамасыз

ету департаменті                  

(Қазақстан Республикасы

Жоғарғы Сотының аппараты)

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 28.05.2021

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 22865 болып енгізілді

 

Результаты согласования

Генеральная прокуратура РК - Начальник отдела международного сотрудничества и координации нормотворческой деятельности управления организационно-кадровой работы Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан Гульшат Тайлаковна Коканова, 18.05.2021 15:14:52, положительный результат проверки ЭЦП

Верховный суд РК - Руководитель Департамента по обеспечению деятельности судов при Верховном Суде Республики Казахстан (аппарата Верховного Суда Республики НАИЛЬ РАФИСОВИЧ АХМЕТЗАКИРОВ, 19.05.2021 18:02:26, положительный результат проверки ЭЦП

Министерство юстиции РК - Вице-министра Наталья Виссарионовна Пан, 24.05.2021 15:37:13, положительный результат проверки ЭЦП

Результаты подписания

ҚР Бас прокуратурасы - Казақстан Республикасының Бас Прокуроры Г. Нурдаулетов, 27.05.2021 10:33:24, положительный результат проверки ЭЦП

қосымша
Дата публикации
03 июня 2021