СҚО бойынша бос лауазымға орналасу туралы конкурс

 Конкурс жариялау туралы

«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасы» ММ Петропавл қаласы Қазақстан Конституциясы көшесі 38-үй, тел. 8 (7152) 36-30-14, 46-31-35, эл.пошта 7157160@kgp.kz, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасының ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі аға прокуроры (С-ОКGP-6, 1-бірлік) бос лауазымына конкурс жариялайды.

Қызметітк міндеттері:

Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасының ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі аға прокуроры құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерімен ақпараттық-технологиялық өзара іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді, Басқарманың аппараттық техникалық қызметтерді, соның ішінде жүйелік, ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелерді жүзеге асырады, ақпараттық ресурстардық қорғау жөнінде жұмыс жүргізеді және бақылауды жүзеге асырады.

Еңбек ақысы 159 627 теңгеден бастап 215 372 теңгеге дейін.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілі талаптар:

Білімі – жоғары, нақты лауазымның қызметтік бағыттарға сәйкес келуі, құқық қорғау органдарында қызмет жүргізуге денсаулық жағдайы бойынша жарамдығы.

Қызметтік міндеттерді орындау үшін қажетті міндетті білімінің, бейіні мен дағдысының болуы.

Жұмыс өтілі талап етіледі.

  • прокуратура органдарында немесе құқық қорғау органдарындағы лауазымдағы екі жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы;
  • немесе мемлекеттік қызметте үш жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы;
  • немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәкес келетін салаларда үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы тиіс.

Конкурсқа қатысуға мына құжаттар ұсынылады:

1) Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 04.05.2014 жылғы №40 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу ережесін бекіту туралы Ережесінің (бұдан әрі – Ереже)     2- қосымшасына сәйкес нысанды өтініш;

2) Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3) осы Ережедегі 4-қосымшаға сәйкес, кадр есебі бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұратын жері және телефоны, оның ішінде байланыс телефоны);

4) Ереженің 5 қосымшасындағы нысанға сәйкес, бұрынғы жұбайларымен қоса жақын туыстарын көрсете отырып бастырылған түрде, өз қолымен толытырлыған өмірбаян;

5) Қазақстан Республикасы азаматы ретінде куәландыратын нотариалды расталған жеке куәлік көшірмесі;

6) білімі туралы нотариалды расталған құжаттардың көшірмесі;

7) нотариалды куәландырылған еңбек қызметін растайтын құжаттар көшірмесі;

8) әскери билет немесе әскерге шақырылғандар қатарында бар екендігі туралы куәлік көшірмесі;

9) 3х4 өлшемді фотосурет (3 дана);

10) Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңына сәйкес, тұрғылықты мекен-жайындағы салық органынан азаматты және оның жұбайының кірістері және мүліктері туралы декларация ұсынылғаны жөніндегі құжаттары;

11) конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсырар сәттегі жарамды, межелік мәннен төмен емес қолданыстағы заңнамалар нормаларын білу бойынша компьютерлік тестілеудің нәтижелері;

Тест бойынша межелік мән Ереженің 6-қосымшасына тестілеу Бағдарламасында көрсетілген нормативтік құқықтық актілер сұрағы бойынша жалпы саны 70% дұрыс жауабын құрайды.  

12) міндетті арнайы тексеру және прокуратура органдары қызметіне жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссия, медициналық және психофизиологиялық, сонымен қатар полиграфологиялық зерттеудің өткендегі жөніндегі қорытындысы;

13) құқықтық статистика және арнайы есептер органдарынан соттылығы жоқтығы, бір жыл ішінде қасақана құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғандыңы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылмағаны туралы анықтама; 

14) Соңғы жұмыс орнынан (оқу орны) мінездеме.

Қажетті құжаттар, барлық құжаттардың тізілімін көрсетумен құжаттар тігілетін мұқабаға салынып, әкеп тапсыруға немесе пошта арқылы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасына, мына мекенжайға: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі 38-үйге конкурс жүргізу туралы жарияланым басылған күннен 7 жұмыс күні ішінде ұсынылуы тиіс.

Құжаттар тізілімінде аталған қосымшаларды Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 04.05.2014 жылғы № 40 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу ережесін бекіту туралы Ережесінен алуға болады.

 

Конкурс жариялау туралы
Дата публикации
09 марта 2021