Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының м.а 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 162 бұйрығы

         Нұр-Сұлтан қаласы                                                            город Нур-Султан                                                                                                               

 

Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актілерді, олардың мерзімдерін ұзарту және күшін жою туралы қосымша актілерді, тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау мерзімдерін тоқтата тұру, қайта бастау, ұзарту, қатысушылар құрамын өзгерту және тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну және олардың нәтижелері туралы хабарламаларды тіркеу қағидаларын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 146-бабының 2-бөлігіне сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актілерді, олардың мерзімдерін ұзарту және күшін жою туралы қосымша актілерді, тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау мерзімдерін тоқтата тұру, қайта бастау, ұзарту, қатысушылар құрамын өзгерту және тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну және олардың нәтижелері туралы хабарламаларды тіркеу қағидалары бекітілсін.
  2. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
  3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет):
  • осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
  • осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсына орналастыруды;
  • осы бұйрықтың көшірмесін мәлімет үшін мүдделі мемлекеттік органдарға, Қазақстан Республикасы Бас прокуратураcының құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың прокурорларына және оларға теңестірілген прокурорларға, сондай-ақ Комитеттің аумақтық органдарына жіберуді қамтамасыз етсін.
  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.
  2. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының м.а

 

Б. Асылов

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 30.12.2020

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 21964 болып енгізілді

 

Результаты согласования

Генеральная прокуратура РК - Начальник отдела международного сотрудничества и координации нормотворческой деятельности управления организационно-кадровой работы Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан Гульшат Тайлаковна Коканова, 24.12.2020 14:43:14, положительный результат проверки ЭЦП

Министерство юстиции РК - Вице-министр Акерке Естайкызы Ахметова, 24.12.2020 19:32:27, положительный результат проверки ЭЦП

Результаты подписания

ҚР Бас прокуратурасы - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының м.а Б. Асылов, 25.12.2020 16:19:22, положительный результат проверки ЭЦП

 

 

Қазақстан Республикасы

Бас Прокурорының м.а

2020 жылғы

25 желтоқсандағы

№ 162 бұйрығына

2-қосымша

 

Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

  1. «Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актілерді, олардың мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актілерді тіркеу және олардың күшін жою, тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау мерзімдерін тоқтата тұру, қайта бастау, ұзарту, қатысушылар құрамын өзгерту туралы хабарламаларды тіркеу және тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау, және олардың нәтижелері туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 13 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13171 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 29 ақпанда жарияланған);
  2. «Тексерудi тағайындау туралы актiлердi, тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау, оның мерзімдерін ұзарту туралы, қатысушылар құрамын өзгерту және тексеру мен оның нәтижелерi туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну туралы хабарламаларды тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 13 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2017 жылғы 22 мамырдағы № 53 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15255 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 10 шілдеде жарияланған);

  3. «Тексерудi тағайындау туралы актiлердi, тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау, оның мерзімдерін ұзарту туралы, қатысушылар құрамын өзгерту және тексеру мен оның нәтижелерi туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну туралы хабарламаларды тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 13 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 10 қыркүйектегі № 110 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17545 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 19 қазанда жарияланған);

  4. «Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы»Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 2 шiлдедегi № 82 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының Тізбесінің 13-тармағы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20920 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 8 шілдеде жарияланған).

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 30.12.2020

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 21964 болып енгізілді

 

Результаты согласования

Генеральная прокуратура РК - Начальник отдела международного сотрудничества и координации нормотворческой деятельности управления организационно-кадровой работы Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан Гульшат Тайлаковна Коканова, 24.12.2020 14:43:14, положительный результат проверки ЭЦП

Министерство юстиции РК - Вице-министр Акерке Естайкызы Ахметова, 24.12.2020 19:32:27, положительный результат проверки ЭЦП

Результаты подписания

Генеральная прокуратура РК - и.о.  Генерального Прокурора Республики Казахстан Б. Асылов, 25.12.2020 16:19:22, положительный результат проверки ЭЦП

Дата публикации
31 декабря 2020