Нұр-Сұлтан қаласы город Нур-Султан
«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 18 мамырдағы № 64 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
бұйрықтың 1-тармағының 4) тармақшасы алынып тасталсын;
көрсетілген бұйрықтың «Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары» (бұдан әрі – Қағидалар) 1-қосымшасында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру туралы өтінішті осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) және ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы не «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес «Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартында (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) көрсетілген құжаттарды қоса ұсына отырып береді.»;
5-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
«Анықтамада сауалнамалық деректер (тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда), туған күні (күні, айы, жылы) және жері) «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік деректер базасының мәліметтеріне сәйкес көрсетіледі.»;
6-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«ААЖ-да көрсетілетін қызметті алушының сауалнамалық деректерінің ААЖ-ның тексеру сәйкестендіргіші бойынша сәйкес келуі анықталған кезде, көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде ААЖ-ның деректері, оның ішінде соттылықты өтеу мерзімін есептеуді тексереді (өңдейді), одан кейін қызметті алушыға сұрау салуға жауап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жіберілетіні туралы хабарланатын аралық жауапты бір уақытта жібере отырып, 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сын пайдалана отырып, электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі ресімделеді.»;
көрсетілген Қағидалардың 2-қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықтың «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтер беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары» атты 4-қосымшасы алып тасталсын.
|
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының м.а |
|
Б. Асылов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
________ облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 28.12.2020
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 21938 болып енгізілді
Результаты согласования
Генеральная прокуратура РК - Начальник отдела международного сотрудничества и координации нормотворческой деятельности управления организационно-кадровой работы Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан Гульшат Тайлаковна Коканова, 24.12.2020 15:19:50, положительный результат проверки ЭЦП
Министерство юстиции РК - Вице-министр Акерке Естайкызы Ахметова, 24.12.2020 19:31:10, положительный результат проверки ЭЦП
Результаты подписания
ҚР Бас прокуратурасы - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының м.а Б. Асылов, 25.12.2020 16:18:49, положительный результат проверки ЭЦП
|
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының м.а 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 161 |
|
бұйрығына қосымша |
|
|
«Соттылықтың болуы не
болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына
5-қосымша
Форма
Соттылықтың болуы не болмауы туралы
А Н Ы Қ Т А М А
С П Р А В К А
о наличии либо отсутствии судимости
_____________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)/фамилия, имя, отчество (при его наличии)
_____________________________________________________________________________
(туған жылы / дата рождения)
_____________________________________________________________________________
(туған жері / место рождения)
20__ жылғы «__» ____________ жағдай бойынша соттылығы жоқ / бар.
По состоянию на «__» _________ 20_____года судимости не имеет / имеет.
Осы анықтама шетелге шығу үшін беріледі.
Настоящая справка выдается для выезда за рубеж.
Басқарма бастығы______________________________________________________________
Начальник управления__________________________________________________________
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық-анықтама есептерінің мәліметтері қолданыстағы заңнамаға сәйкес пайдаланылады.
Осы анықтамада көрсетілген мәліметтер қылмыстық істер бойынша процестік шешімді қабылдау кезінде, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғаларға және оларға теңестірілген тұлғаларға қатысты арнайы тексерулер жүргізу кезінде, сондай-ақ заңнамалық актілермен көзделген оларды қылмыстық жауаптылыққа тартумен байланысты шектеулер қойылған адамдарға қатысты қолдануға жатпайды.
ВНИМАНИЕ!!!
Сведения информационно-справочных учетов Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан используются в соответствии с действующим законодательством.
Указанные в настоящей справке сведения не подлежат использованию при принятии процессуальных решений по уголовным делам, при производстве специальных проверок в отношении лиц, уполномоченных на выполнение государственных функций, и лиц приравненных к ним, а также в отношении лиц, подпадающих под ограничения, связанные с привлечением их к уголовной ответственности, предусмотренные законодательными актами.
(форматтың мөлшері А 4)
(размер формата А 4)
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
________ облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 28.12.2020
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 21938 болып енгізілді
Результаты согласования
Генеральная прокуратура РК - Начальник отдела международного сотрудничества и координации нормотворческой деятельности управления организационно-кадровой работы Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан Гульшат Тайлаковна Коканова, 24.12.2020 15:19:50, положительный результат проверки ЭЦП
Министерство юстиции РК - Вице-министр Акерке Естайкызы Ахметова, 24.12.2020 19:31:10, положительный результат проверки ЭЦП
Результаты подписания
ҚР Бас прокуратурасы - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының м.а Б. Асылов, 25.12.2020 16:18:49, положительный результат проверки ЭЦП