Қостанай облысы бойынша конкурс жариялау туралы

 «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» Қостанай облысы, Қостанай қаласы Темирбаев көшесі 13, тел. 8 (777) 037-88-73, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің азаматтық және әкімшілік салалардағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің прокуроры (С-ОКSGP-7, 1-бірлік), Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің өтініштерді талдау және бақылау бөлімінің прокуроры (С-ОКSGP-7, 1-бірлік), Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің прокуроры (С-ОКSGP-7, 1-бірлік) бос лауазымдарға конкурс жариялайды.

Конкурсқа қатысу үшін кандидат электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, Open Academy ақпараттық автоматтандырылған жүйесінде https://talapker.prokuror.gov.kz/login сілтемесі арқылы тиісті тіркеуден өтеді.

Тіркелгеннен кейін кандидат конкурстық іріктеуге қатысу жөніндегі нұсқаулықпен танысады, конкурсқа қатысуға өтініш береді, өтінішке қол қояды және келесі құжаттарды жүктейді:

1) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 256, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының м.а. 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 40, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 1009, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 358 және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 485 бірлескен бұйрығымен бекітілген, Конкурстық комиссияны қалыптастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын, конкурс кезеңдерін өткізу мерзімдерін, сондай-ақ құқық қорғау органдарындағы бос және уақытша бос лауазымға орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесін бекіту туралы Қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі не оның электрондық нысаны;

3) Білім туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификация рәсімінен өткенін немесе танылғанын растайтын құжаттар (шетелдік білім беру мекемелері берген дипломдар үшін салыстырып тексеру үшін түпнұсқалар);

4) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылып толтырылған егжей-тегжейлі өмірбаяы, қосымша қызметтік тізімнің көшірмелері (құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдардың бұрынғы қызметкерлері, әскери қызметшілер, мемлекеттік әкімшілік қызметшілер үшін), еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмелері (өзге де адамдар үшін);

5) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама;

6) әскери билет немесе тіркеу куәлігі;

7) С-ОКSGP-7 санатындағы құқық қорғау қызметі лауазымдары үшін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органында тестілеуден, оның ішінде жеке қасиеттерін бағалау сертификаты.

Құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тартуы және конкурстың келесі кезеңдеріне жібермеуі үшін негіз болып табылады.

Органның бос лауазымдарына конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардан құжаттарды қабылдауды орган конкурс өткізу туралы хабарландыруды соңғы жариялаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

хабарландыру
Дата публикации
10 июня 2026