
Комитет арнайы есепке алудың мынадай түрлерін жүргізуді жүзеге асырады:
1) қылмыстық құқық бұзушылық жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адамдарға;
2) ұсталғандарды, күзетпен ұсталғандарды және сотталған адамдарды дактилоскопиялық есепке алу;
3) анықтаудан, тергеуден, соттан жасырынған адамдарды, сондай-ақ жазаны өтеуден немесе пробациялық бақылауды жүзеге асырудан жалтарған адамдарды;
4) хабар-ошарсыз жоғалған адамдарды;
5) жеке басы анықталмаған мәйіттер;
6) әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамдар;
6-1) қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдарға;
7) Сот әрекетке қабілетсіз және әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адамдарды;
8) белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылған адамдарға;
9) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адамдарға;
10) бақылау және қадағалау органдары жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органда тіркелетін тексерулер;
10-1) террористік қызметті жүзеге асырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарға, сондай-ақ сот террористік деп таныған ұйымдар мен ақпараттық материалдарға;
11) экстремизмді жасағаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды, сондай-ақ сот экстремистік деп таныған ұйымдар мен ақпараттық материалдарды;
11-1) Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған адамдарға;
12) теріс себептер бойынша мемлекеттік қызметтен босатылған адамдарды;
13) адамдардың қаза табуына немесе жаралануына әкеп соққан жол-көлік оқиғалары;
14) атқарушылық құжаттар бойынша міндеттемелерді орындамаған тұлғаларға, сондай-ақ әкімшілік айыппұл салу туралы қаулыларды ерікті түрде орындамаған тұлғаларға;
15) атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер, мемлекет мүддесінде қойылған талаптар бойынша, сондай-ақ алименттерді өндіріп алу, мертігуден немесе денсаулығына өзге де зақым келтіруден, асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды өтеу туралы жауапкерлер болып табылатын іздестіріліп жатқан адамдарға;
16) Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті жария ету (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды;
16-1) кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдарға;
16-2) туыстарымен байланысын жоғалтқан адамдар;
16-3) өзі туралы анықтамалық деректерді хабарлауға қабілетсіз адамдар;
17) Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті жария етуге (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға байланысты тәркіленген мүліктің сомалары;
18) өзара құқықтық көмек және Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға байланысты өзге де халықаралық сұрау салулар.