Алматыда түнгі уақытта жасөспірімдер сайран салған дәмхана жабылды

Алматыда түнгі уақытта жасөспірімдер сайран салған дәмхана жабылды

Алмалы аудандық Полиция басқармасы ювеналды полиция бөлімшесінің мәліметінше, бұл мекеме олардың назарына бірнеше рет іліккен. Көптеген рейдтер мен іс-шаралар дәмхана әкімшілігінің кәмелетке толмаған балалардың түнгі уақытта ересектерсіз жүруіне заңмен тыйым салынғанын елемейтінін көрсетеді.

Дәмхана басшылығына қатысты соңғы тексеру нәтижелері бойынша ҚР ӘҚбК-нің 132-бабы 2-бөлігіне сәйкес материал жинақталып, Алматы қаласы бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды, оның шешімімен аталған мекеменің қызметі 30 күнтізбелік күнге тоқтатылды.

– Құрметті ауданымыздың ойын-сауық мекемелерінің басшылары! Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің талаптарын қатаң сақтауды естеріңізге саламыз. Балалар – біздің болашағымыз. Ерте алдын алу – ересектер үшін ең маңызды міндет. Өскелең ұрпақ – елдің тірегі, – деді, Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.