Ел жолдарында жыл сайын 2 мыңнан астам адам қайтыс болады

Ел жолдарында жыл сайын 2 мыңнан астам адам қайтыс болады

Ел жолдарында азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау полиция органдарының басым міндеттерінің бірі болып табылады. Оны іске асыру үшін ұйымдастырушылық, практикалық және құқықтық шаралар кешені қабылданады. Олар жол қауіпсіздігі деңгейін арттыруға бағытталған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Атығай Арыстанов мәлімдеді.

Ол жолдардағы қорқынышты статистикаға тоқталды.

 «Соңғы 5 жылда ел жолдарында жыл сайын 2 мыңнан астам адам қаза табады. Тағы 20 мыңнан астам адам жарақат алады. Ағымдағы жылы 2600-ден астам жол-көлік оқиғасы орын алды, онда 410 адам қаза тауып, 3,5 мыңнан астам адам жарақат алды», - деп атап өтті спикер.

Жол-көлік оқиғаларының белгілі бір үлесі ауа райының нашарлауына байланысты жолдардың жабылуы туралы ақпаратты елемейтін жүргізушілерге байланысты. 

Өткен қыста ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің 5 облысында жаппай жол-көлік оқиғалары орын алды, наурызда – Aлматы, Ақмола, Қарағанды облыстарында.

«Қарапайым ережелерді сақтау жолдардағы төтенше жағдайлардың ықтималдығын азайтуға көмектеседі. Есіңізде болсын, сіздің қауіпсіздігіңіз және айналаңыздағы адамдардың қауіпсіздігі жолдағы тәртіпке байланысты! Көліктің қазіргі түрлері үлкен жылдамдықта жүре алады. Автокөліктің тез тоқтай алмайтынын естен шығармау қажет. Көліктің бірден тоқтамайтынын да естен шығармауымыз керек. Барлық ЖКО-ның үштен бірі жылдамдық режимін арттыру себебінен болады – 758 ЖКО, оның салдарынан 139 адам қаза тауып, 1099 жарақат алды», - деді спикер.

@ortcom.kz