Алматының барлық бейне бақылауы полицияға интеграцияланады

Алматының барлық бейне бақылауы полицияға интеграцияланады

Мемлекет басшысының Алматыдағы әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі жуырдағы кеңесте берген тапсырмасы бойынша Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пен Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың, аудандары әкімдерінің, аудандық полиция басқармаларының және басқа да мүдделі қызметтер басшыларының қатысуымен қоғамдық және жол қауіпсіздігі деңгейін арттыру, сондай-ақ құқық бұзушылық жасауға бейім адамдармен алдын алу жұмыстарын күшейту мәселелерін қарады.

ІІМ басшысы атап өткендей, Алматы еліміздің ең ірі мегаполисі болып табылады, онда 1 млн.800 мың адам тұрады. Сондықтан да осы өңірде азаматтардың қауіпсіздігі мәселелеріне ел басшылығы жіті назар аударады.

«Цифрландыру ғасырында қойылған міндеттерді шешуде жаңа технологиялар қолданылуы тиіс. Бүгін Алматыда құқық тәртібін қорғау 151 мыңға жуық бейнекамералардың көмегімен жүзеге асырылады, соның ішінде әлеуметтік нысандар мен азаматтардың көп болатын орындары қамтылады. Олардың аз бөлігі ғана жедел басқару орталығымен біріктірілген, алайда қаладағы жағдайды тиімді бақылау үшін бірыңғай жүйеге біріктірілуі тиіс», - деді Ерлан Тұрғымбаев.

Осыған байланысты, министрдің айтуынша, Алматы әкімдігінің қолдауымен жақын арада ЖБО қайта жүктелуі және бейнебақылау жүйесін біріктіру күтілуде.

 Сонымен қатар, IT-технологияларды белсенді пайдалану қылмысқа қарсы тиімді күрес жүргізуге және қаладағы жол қауіпсіздігін қадағалауға мүмкіндік береді.

Алматы қаласындағы жол қауіпсіздігінің жай-күйі негізді алаңдаушылық туғызып отыр, деп атап өтті Ерлан Тұрғымбаев. - Қала жолдарында біздің азаматтарымыз қаза болып, мерт болды. Жыл басынан бері мегаполисте 4 мыңға жуық жол-көлік оқиғасы немесе республика бойынша әрбір үшінші жол-көлік оқиғасы осы қалада орын алды,- деді ол.

Сондықтан Ішкі істер министрі шет елдердің тәжірибесін зерттеу нәтижелері бойынша, полиция департаментіне жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, жолдардағы апаттылық пен кісі өлімін төмендету үшін алдын алу шаралары мен тетіктерін дамытуды қамтамасыз етуді тапсырды.