«Автобус» ЖПІШ-нің қорытындысы

«Автобус» ЖПІШ-нің қорытындысы

Жолаушылар көлігінің қатысуымен жол көлік оқиғаларының санын қысқарту, олардың салдарының ауырлығын төмендету, сондай-ақ жүргізушілермен жолаушыларды тасымалдау қағидаларын сақтауға бақылауды күшейту мақсатында республика аумағында көлік бақылау органдарымен бірлесіп ағымдағы жылғы 16 – 18 шілде аралығында «Автобус» ЖПІШ өткізілді.  

ЖПІШ барысында жол қозғалысына қадағалау кезінде қоғамдық көлік жүргізушілерімен жасалған 5 мыңнан астам бұзушылық анықталды, оның ішінде көлік құралын масаң күйінде жүргізу - 6, қарсыбағытқа шығу - 5, еңбек пен демалыс режимін бұзу - 57, жолаушылар алдындағы тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың болмауы – 189, жүкті тасымалдауды бұзу - 112, заңсыз қайта жабдықтау – 93, рейс алды қараудан өтпеу – 35, техникалық қараудан өтпеу – 202, жылдамдықты асыру – 419, көлік құралын жүргізу барысында ұялы телефонды пайдалану – 972, маневрлеу қағидаларын бұзу – 655, ластайтын заттарды тастау нормаларын асыру – 271.

Бұдан басқа, жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың 30 факті, оның ішінде такси жүргізушілерімен 26 факті анықталды. Әкімшілік жауапкершілікке автобус паркілерінің 34 лауазымдық тұлға тартылды.

Іс-шараның өткізу барысында, қоғамдық көлік жүргізушілерінің кінәсімен ЖКО-ға жол берілмеді. 

Әкімшілік полиция комитеті