Жаңа оқу жылының қарсаңында әкімшілік полиция қызметкерлері жол және коммуналдық қызметтермен бірлесіп, жаяу жүргінші өтпелерінің қажетті жол белгілерімен, жол таңбасымен, жаяу жүргінші қоршауларымен және басқа да жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарымен жайластырылу мәніне жалпы білім беретін мекемелерге жақын аумақтарға тексерулер жүргізуде.
Жаңа оқу жылының қарсаңында әкімшілік полиция қызметкерлері жол және коммуналдық қызметтермен бірлесіп, жаяу жүргінші өтпелерінің қажетті жол белгілерімен, жол таңбасымен, жаяу жүргінші қоршауларымен және басқа да жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарымен жайластырылу мәніне жалпы білім беретін мекемелерге жақын аумақтарға тексерулер жүргізуде. Тексеру нәтижелері бойынша орын алған кемшіліктерді жоюға уәкілетті ұйымдарға нұсқамалар жолдануда.
Сонымен бірге, ІІМ Әкімшілік полиция комитеті педагогтарға, оқушыларға, олардың ата-аналарына үндеу салады: жол жүрісін ұйымдастыру бойынша сіздердің ескертулеріңіз, ұсыныстарыңыз, балалар жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты басқа да мәселелер бар ма, сіздер өз сұрақтарыңызды ведомстволық сайт (mvd.gov.kz) арқылы тікелей аумақтық ішкі істер органдарына немесе Фейсбуктегі парақша арқылы ІІМ ӘПК-ге жолдай аласыздар.
Сіздердің мәселелеріңіз қаралатын және тиісті шаралар қабылданатын болады.