
2018 жылдың 1-ші тамыздан бастап 30-шы қыркүйекке дейін облыста «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы өткізіледі.
Акцияның мақсаты – оқумен қамтылмаған кәмелетке толмағандарды анықтау, әлеуметтік себептер бойынша мектепке балалардың келмеуін ескерту, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың санынан оқушылар, сонымен қоса жаңа оқу жыл басына дайындық мерзімде ата-аналар қамқорынсыз қалған балаларға көмек көрсету.
Акцияның барысында оқумен қамтылмаған, әлеуметтік себептер бойынша мектепке бармайтын кәмелетке толмағандарды анықтау бойынша рейдтік іс-шаралары ұйымдастырылды. Ағымдағы жылы оқудан қасақана жалтарған және мектепке бармаған 273 жасөспірім анықталғаны жөнінде белгілеу керек.
Рейдтер қолайсыз отбасылар, базарлар, көлік жуу және автомобильду жанармаймен жабдықтайтын орындары, көңіл көтеретін мекемелері және компьютерлік салондары бойынша жүргізіледі.
Сонымен қоса, рейдтік іс-шаралардан басқа полиция қызметкерлерімен үнемі түрде жыл сайын жаңа оқу жыл басында аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушылар, жетім және ата-аналар қамқорынсыз қалған балаларға кеңсе жабдықтары, мектеп және спорттық формасын беру ретінде көмек көрсетіледі.
Акцияның шегінде облыстың ІІД Жергілікті полиция қызметімен Ресей Федерациясы Новосибирск циркі әкімшілігімен жоғарыда көрсетілген санаттағы және ерекше дамуға жататын балалар үшін ойын-сауықтарды тегін көрсетілімі жөнінде келісімге жетілген. Осы шара 4 тамызда «Золотой Дракон» циркінде өтті.
Қарағанды облысының ІІД Баспасөз қызметі