Қазіргі уақытта Интернет желісінде әр түрлі сайттар, мобильді қосымшалар ЖЖҚ бұзғаны үшін айыппұлдарды тексеру бойынша қызметтерді ұсынады, алайда олардағы ақпарат дұрыс және өзекті болып табылмайды.
Осыған байланысты ІІМ Әкімшілік полиция комитеті азаматтардың ыңғайлылығы үшін ІІМ-нің Әкімшілік өндірісін цифрландыру шеңберінде Бас прокуратурамен бірлесіп айыппұлдарды қарау мен төлеудің бірыңғай тәсілі іске асырылғанын хабарлайды.
Бүгінгі күні өз айыппұлдарын тексеруге және төлеуге, сондай-ақ қажет болған жағдайда, автокөлік құралының маркасы мен мемлекеттік нөмірі, жасалған күні мен орны туралы мәліметтерді көрсете отырып, бұзушылықтар деректерінің бейне суреттерін ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық сервисі (www.qamqor.gov.kz) арқылы басып шығаруға болатынын ескерту.
https://qamqor.gov.kz/portal/page/portal/POPageGroup/Services/Su1ap