Ағымдағы жылғы 14-15 маусым күндері республика аумағында «Жолда қабылдау» акциясының кезекті кезеңі өткізіледі.
Полиция департаменттері, әкімшілік полиция, жергілікті полиция және көші-қон қызметі басшылары халық көп жиналатын жерлерде (орталық алаңдар, сауда-ойын сауық орталықтары, мамандандырылған ХҚКО және ХҚКО айналасында) арнайы «жедел» қабылдау орындарында тұрғындарға қызықтырған сұрақтары бойынша жауап береді.
Акция кезінде азаматтар өздерінің кезекті мәселелерін шешу үшін тікелей, ешқандай алдын ала жазылусыз полиция басшыларына жүгіне алады.
Сонымен қатар, бұл жолы тұрғын үй кешендерінде полиция қызметкерлері әкімдіктер, ПИК өкілдерімен бірге "аулалардағы қабылдау" ұйымдастырып азаматтардың сұрақтарына жауап береді.
Сондай-ақ, жол қауіпсіздігі және көші-қон заңнамасы мәселелеріне қатысты сұрақтарға "қызу желі" телефоны арқылы жауап алуға болады.
Аталған іс-шараның өткізілетін орны және «қызу желінің» телефон нөмірлерін сілтемесі бойынша ІІМ-нің ресми порталынан және полиция департаменттерінің порталдарынан, сондай-ақ +7 (7172) 437613 телефондарынан білуге болады.
Бұдан бұрын хабарланғандай, ІІМ бастамасымен өткен "Жолда қабылдау" азаматтардың ойынан шыққан болатын және осы акция – полицияның халықпен өзара іс-қимыл жасасудың жаңа моделіне көшу бағыттарының бірі. Акцияның алдыңғы екі кезеңінде 35 мыңға жуық өтініш келіп түсті.
Осыған байланысты, министр Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша аумақтық ішкі істер органдары ай сайын азаматтарды қабылдау жүргізеді.
ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті