Ішкі істер органдары мен көліктік бақылау инспекциясының бірлескен рейдтері барысында 7 мыңнан астам заң бұзушылық анықталды.
Автомобиль көлігімен жолаушылар тасымалдау қауіпсіздігі мәселелері ІІМ-нің ерекше бақылауында тұр. Бұл кездейсоқ емес - жыл сайын 500-ге жуық жол-көлік оқиғасы орын алады, олардың нәтижесінде 50-ге жуық адам қаза болады және 700-ден астам адам жарақат алады.
Ағымдағы жылы аталған апаттылық көрсеткіштерінің төмендегенін атап өткен жөн. Сонымен қатар, жолаушылар көлігінің қатысуымен болған ЖКО әрдайым резонанстық сипатқа ие.
Мұндай ЖКО статистикасын талдау қалыптасқан жағдайдың себептері, ең алдымен, жүргізушілердің көлік тәртібінің төмендігі, тиісті мақсатты профилактикалық жұмыстың және жолға жолаушылар көлігін шығаруға жауапты лауазымды тұлғалар тарапынан бақылаудың жоқтығы туралы куәландырады.
Мәселен, 2018 жылы полиция көліктік бақылау инспекциясымен бірлесе отырып, бірлескен рейдтер барысында жолаушы көлігінің жүргізушілері жол берген 37 мыңға жуық, ал ағымдағы жылы 7 мыңнан астам бұзушылықтарды анықтады.
Сонымен қатар, бір ғана рейдтер жүргізу жолаушылар тасымалы кезінде тиісті қауіпсіздік деңгейін толық көлемде қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді.
Бұл салада жүйелі, оның ішінде заңнамалық сипаттағы шараларды қабылдау қажет.
Қазіргі уақытта тұрақты емес тасымалдаумен көптеген жеке тұлғалар айналысады және оларға тиесілі көлік құралдарының паркі қанағаттанарлықсыз жағдайда, автобустардың техникалық ақаулары бар және конструкциясы өзгерген, олар қолдан жасау тәсілімен орындалған. Бұдан басқа, тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер рейс алдындағы медициналық тексеруден өтпейді, еңбек және демалыс режимін сақтамайды, бұл көлік құралының техникалық жай-күйі мен қайта жабдықталуын қоса алғанда, ЖКО жасау қаупін және олардағы салдардың ауырлығын бірнеше рет арттырады.
Осы саладағы барлық проблемаларды, сондай-ақ халықаралық тәжірибені зерделеуді ескере отырып, Ішкі істер министрі Ерлан Тургумбаевты тапсырмасымен ІІМ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, жол қауіпсіздігін, оның ішінде жолаушылар автобус тасымалдарының қауіпсіздігін арттыру бойынша тиісті кешенді шаралар әзірледі.
Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі