ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Туристік полиция қызметі

Шетелдіктер елде болған кезеңде олардың жайлылығы мен қауіпсіздігі үшін 10 өңірде (Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар және Түркістан облыстарында), мәдениет объектілері, қалалардың көрікті жерлері мен курорттық аймақтар орналасқан жерлерде туристік полиция жұмыс істейді.

Негізгі функциялары мен міндеттері:

- өз құзыреті шегінде туристік объектілердің аумағын патрульдеу және туристерге түрлі жағдайларда көмек көрсету;

- туристік объект аумағындағы азаматтардың өмірін, денсаулығын, мүлкін, құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғау;

- әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу, қылмыстардың жолын кесу және қылмыскерлерді «ізін суытпай» ұстау бойынша қажетті шаралар қабылдау;

- көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін шетелдік азаматтарды туристік объектінің орналасқан жері бойынша полиция органына жеткізу;

Туристік полиция қатарында 159 полиция қызметкері жұмыс істейді. Олар 28 туристік нысанға қызмет көрсетеді.

Жыл басынан бері туристік полиция қызметкерлеріне түрлі мәселелер бойынша 819 шетелдік азамат жүгінді.

Мысалы, ағымдағы жылдың 8 қазанында Түркістан қаласына Оңтүстік Кореядан бір топ шетел азаматтары келді. Экскурсиядан кейін екі мүше топтан артта қалып, оларды қажетті мекен-жайға жеткізген қызметкерлерге жүгінді.

Дата публикации
10 ноября 2021
Дата обновления
10 ноября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
27 февраля 2025
Туристік полиция қызметі
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
22 ноября 2023
Өздігінен дайындалуға арналған жол қозғалысы ережелері бойынша тест сұрақтары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы