ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Туристік полиция қызметі

Елімізде туристік саланы дамытудың маңыздылығын Мемлекет басшысы бірнеше рет атап өтті және бірқатар стратегиялық бағдарламалар мен директивті құжаттарда көрініс тапты (ҚР туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы, ҚР 2019 жылғы 31 мамырдағы № 360 ҮҚ, ҚР туристік саласын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы, ҚР 2023 жылғы 28 наурыздағы № 262 ҮҚ, 2024 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы Президенті қеңесінің «туристік саланы дамытудың шаралары» туралы № 24-01-7.8  хаттамасы және басқа).

Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін аумақтық полиция департаменттері (бұдан әрі - ПД) күн сайын қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізеді. Еліміз бойынша тәулігіне жеке құрамның 16 мың бірлігі көрсетілген мақсаттарға шығады, азаматтардың жаппай жиналатын орындары қамтылған 15 мың бағыттар мен патрульдеу бекеттері әзірленді.

2019 жылы туристік полиция бөлімшесі құрылды, түгінде олардың штаттық саны 172 бірлікті құрайды және 12 өңірде Қазақстанның туристік индустриясының 30 объектісінде туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді (анықтама: Астана, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Түркістан облыстары, сондай-ақ Абай, Жетісу және Ұлытау облыстары).

Тек 2024 жылы аталған бөліністердің қызметкерлері 6,3 мыңнан астам азаматтарға кеңес берді, 2,6 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді, оның ішінде 386 ұсақ бұзақылық фактілері, 983 қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішу фактілері анықталды, 48 қылмыстың «ізі суытылмай» ашылған.

Дата публикации
27 февраля 2025
Дата обновления
27 февраля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
27 февраля 2025
Туристік полиция қызметі
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
22 ноября 2023
Өздігінен дайындалуға арналған жол қозғалысы ережелері бойынша тест сұрақтары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы