ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Балаларға арналған жадынама «Зорлық-зомбылықтың құрбаны болмау үшін»

Ол үшін бес ережені біржола игеру керек:

  • Бейтаныс адамдармен сөйлеспе және оларды үйге кіргізбе.
  • Олармен лифтке және кіреберіске кірме.
  • Бейтаныс адамның көлігіне отырма.
  • Мектептен кейін көшеде кешігіп қалма. Әрқашан қайда, кіммен және қай бағытпен үйге қайтатыныңды ата-анаңа ескерт.
  • Әлеуметтік желіде бейтаныс адамдардың хабарламаларына жауап берме және хабарлама жіберме. Егер таныс емес адам саған балағат сөздермен хабарлама жазса дереу ата-анаңа айт.

 

Әрқашан «ЖОҚ»  деп жауап бер:

  • Егер саған қонаққа кіруге немесе үйге жеткізу ұсынылса, тіпті көршілер болса да.
  • Егер бейтаныс адам бір нәрсе берсе немесе бір жаққа шақырса, өте қатты қызықтырып жатса да. Үйге келгенде міндетті түрде ол адам туралы үлкендерге айт.
  • Егер сенен көшені қалай табуға болатындығын сұраса қалай баруға болатындығын түсіндір, бірақ ешқашанда шығарып салма. Саған үйге бару керектігін түсіндір.
  • Егер бейтаныс адам сені аңдып жүрсе, сен үйіңе келгендей кейіп таныт, туысыңды терезеден көріп тұрғандай қолыңды бұлғап шақыр.
  • Егер істей алсаң, шабуылшыны біраз уақытқа шатастырып, көңілін аудару үшін бетіне бір нәрсе лақтыр, (мысалы, портфель, аяқ киім сөмкесі немесе жай ғана бір уыс ұсақ-түйек), адам көп жерге қарай қаш.
  • Егер көлікке зорлықпен отырғызып жатса, өтіп бара жатқан адамдардың көңілін өзіңе аудару үшін «Бұл менің әкем (анам) емес», «Мені шақырып жатыр!» деп қатты айқайла.
  • Қауіпсіз жерде болғанда, дереу полицияға хабарласып, не болғанын айт, анық мекен-жайды, сондай-ақ белгілерін және шабуылшының кеткен бағытын айт.
Дата публикации
26 июня 2023
Дата обновления
26 июня 2023
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
27 февраля 2025
Туристік полиция қызметі
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
22 ноября 2023
Өздігінен дайындалуға арналған жол қозғалысы ережелері бойынша тест сұрақтары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы