Ювеналдық полиция және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау
Негізгі міндеттері:
ювеналдық полиция және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөліністері қызметінің басым бағыттарын анықтау;
ювеналдық полиция және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөліністері қызметінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңдарының және өзге нормативтік құқықтық актілердің сақталуына қадағалауды жүзеге асыру;
ювеналдық полиция және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөліністері қызметінің ұйымдастырушылық-құқықтық негізін жетілдіру, олардың практикалық қызметіне жұмыстың жаңа түрлерін, әдістерін және озық тәжірибені енгізу, қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыру, олардың заңдылықты сақтауларын бақылауды ұйымдастыру;
мемлекеттік биліктің жоғары органдарының шешімін орындауды ұйымдастыру, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы, балалардың қадағалаусыз, қараусыз қалуларының алдын алу, сондай-ақ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау мәселелері бойынша іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;
кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы, балалардың қадағалаусыз, қараусыз қалуларының алдын алу, сондай-ақ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау мәселелері бойынша Министрлік қызметтерімен және бөліністерімен, басқа да құқық қорғау органдарымен, жергілікті атқарушы органдарымен, мемлекеттік және меншік нысанына қарамастан, өзге құрылымдармен, ұйымдармен, азаматтармен өзара іс-қимыл жасасуды ұйымдастыру;
кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы, балалардың қадағалаусыз, қараусыз қалуларының алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастыру;
әйелдер құқықтарына қол сұғатын адамдардың жауапкершіліктен жалтартпау қағидатын қамтамасыз ету, оларға отбасылық қолайлықты жасауға кепілдік беруді, жеке өмірге қол сұқпаушылық құқығын қамтамасыз ету.