

- қоғамдық-саяси, спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде, сондай-ақ мемлекет басшыларының, басқа да шетелдік саяси ұйымдардың және Қазақстан Республикасына мемлекеттік қайраткерлерінің сапарлары кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі шаралар кешенін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
- өз құзыреті шегінде жалпы республикалық және өңірлік жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізу бойынша ұйымдастырушылық басшылықты жүзеге асырады;
- Төтенше жағдайлар (өрт, апат, авария, су тасқыны, жер сілкінісі) туындаған кезде қоғамдық тәртіпті қорғау, сондай-ақ төтенше немесе соғыс жағдайы режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға қатысады;
- елдегі қоғамдық-саяси ахуалға мониторингті қамтамасыз етеді және оны тұрақсыздандыру әрекеттеріне уақтылы ден қою бойынша шаралар қабылдайды;
- Қазақстан Республикасының заңнамасымен ішкі істер органдарына жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.