Павлодар облыстық «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтарының штабы республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Павлодар техникалық сервис колледжінің базасында «Fort Boyard» экологиялық іс-шарасын өткізді.
«Fort Boyard» ойыны форматында ұйымдастырылған экологиялық іс-шараға колледж студенттері мен «Жасыл Ел» еріктілері қатысты. Олар экология саласындағы білімдерін тексеріп, командалық өзара іс-қимыл дағдыларын дамытып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға бағытталған тақырыптық сынақтардан өтті. Іс-шараның басында қатысушылар үшін қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, қалдықтарды бөлек жинау, биоалуантүрлілікті сақтау және табиғатқа ұқыпты қарау мәселелеріне арналған танымдық дәріс ұйымдастырылды.
«Fort Boyard» экологиялық ойынын өткізу жастардың экологиялық сауаттылығын арттыруға, командалық өзара іс-қимылды дамытуға және табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Тақырыптық сынақтар мен интерактивті тапсырмалар арқылы қатысушылар экология саласындағы білімдерін кеңейтіп, тапқырлықтарын көрсетіп, өзекті экологиялық мәселелерді бірлесіп шешуді үйренді. «Fort Boyard» ойыны қоршаған ортаны қорғау әрқайсымыздан басталатынын, ал бірлескен іс-әрекеттер табиғи байлықтарды сақтауға елеулі үлес қоса алатынын еске салатын тамаша мүмкіндік болды.
Мұндай іс-шараларды өткізу жастар арасында экологиялық жауапкершілікті дамытуға, студенттерді табиғатты қорғау және волонтерлік қызметке тартуға, сондай-ақ қоршаған ортаны сақтау мәселелерінде белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға ықпал етеді.
Іс-шараның жалпы қамту көрсеткіші 20 адамнан асты.
Толық ақпаратты әлеуметтік желілердегі @jasylel_pvl парақшаларынан немесе «Жасыл Ел» Павлодар облыстық штабының менеджері Айгерім Түсіпбековадан 87057060219 телефоны арқылы алуға болады.
#ТазаҚазақстан #ЖасылЕл #ТазаЕл
Облыс әкімі Асайын Байханов 2026 жылдың 9 айындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған жиналыс өткізді. Сонымен қатар, күн тәртібінде бюджеттің атқарылуы, халықты жұмыспен қамту және Республика күніне дайындық мәселелері де қаралды.
Өңір экономикасында оң динамика сақталып отыр. Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 109,3%-ды құрап, республикалық көрсеткіштен 4,5%-ға асып түсті. Өнеркәсіп өндірісі 8%-ға, өңдеу өнеркәсібі 11,5%-ға, ауыл шаруашылығы 6,8%-ға өсті. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 13,8%-ға артып, 961,3 млрд теңгеге жетті. Құрылыс саласындағы өсім 18,8%-ды құрап, 265,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Ішкі сауда көлемі 18,2%-ға ұлғайды.
1 қазандағы жағдай бойынша облыстық бюджет кірістері 372,3 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 57,5 млрд теңгеге артық. Бюджет шығыстары 99,8%-ға орындалып, 458,9 млрд теңге игерілді. Бұл көрсеткіш бойынша өңір республикада үшінші орында тұр.
Асайын Байханов жекелеген шығындарды 2027 жылға ауыстыру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді және әлеуметтік міндеттемелерді қаржыландыруды толық көлемде қамтамасыз етуді тапсырды.
Еңбек нарығында жыл басынан бері 16 382 адам жұмыспен қамтылды. Бұл жылдық жоспардың 91,4%-ын құрайды. 10 мың адамға шаққанда 100 жұмыс орнын құру бастамасы аясында 5 722 жұмыс орны ашылды немесе жоспарлы көрсеткіштің 129,2%. Субсидияланатын жұмыс орындарына 4 067 адам орналастырылды. 2026 жылдың шілдесінен бастап өңірде «Цифрлық жұмыспен қамту қызметі» пилоттық режимде енгізілуде. SMS-хабарлама алған 22 877 азаматтың ішінен бірқатар азаматтар верификациядан өтіп, 275 адам 374 бос жұмыс орнына өтінім білдірді. Ал Enbek.kz порталымен интеграцияланған цифрлық сервис арқылы 135 адам өз бетінше тұрақты жұмыс тапты.
Өңір басшысы халықты жұмыспен қамту бағытындағы жұмысты күшейтуді, электрондық еңбек шарттарының рәсімделуін және зейнетақы жарналарының аударылуын бақылауды тапсырды. 2027 жылы жұмыс орындарын құруға арналған жобалар 5 желтоқсанға дейін келісіліп, бекітілуі қажет.
Республика күніне орай облыста 2 мыңнан астам мәдени, патриоттық, ағартушылық және спорттық іс-шара өткізу жоспарланған. Мерекелік бағдарламаның маңызды бөлігі 25 қазанда өтетін Мемлекеттік туды салтанатты түрде көтеру рәсімі болмақ. Облыстық салтанатты жиын 23 қазанда Естай атындағы мәдениет сарайында өтеді. Ал басты мерекелік концерт 25 қазан күні сағат 12:00-де ERTIS PROMENADE сахнасында ұйымдастырылады.
Облыс әкімі тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, іс-шаралардың ұйымдасқан түрде өткізілуін және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарының үздіксіз жұмыс істеуін тапсырды.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев
Республика күнін мерекелеу қарсаңында Павлодар облысында 2026 жылғы 17 қазанда басталып, 27 қазанды қоса алғанға дейін жалғасатын «Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акциялары өтеді. Акциялар аясында сатып алушыларға төмендетілген бағамен ұсынылатын тауарлардың кең таңдауы ұсынылады.
Мерекелік ұсыныстардың ең қызу кезеңі 21-27 қазан аралығында күтіледі. Дәл осы күндері акциялардың негізгі бағдарламалары, арнайы баға ұсыныстары және мерекелік жеңілдіктер ұйымдастырылады. Сатып алушылар азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарларды тиімді шарттар мен сатып ала алады.
Жалпы республикалық науқанның бастамашылары – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігімен жергілікті атқарушы органдар.
Акцияларды өткізу ұлттық мерекеге орайластырылған және халық үшін қажетті тауарлардың қолжетімділігін арттыруға, тұтынушылық сұранысты қолдауға әрі ішкі саудаға қосымша серпін беруге бағытталған. Отандық өндірушілер өнімдерін өткізу мүмкіндіктерін кеңейтуге ерекше назар аударылады.
Павлодар облысында «Republic Day» және «Bereke Fest» акцияларына қатысатын сауданы сандарының толық тізімімен және олардың мекен жайлары мен төменде танысуға болады.
«Republic Day» республикалық акциясы мына сауда үйлерімен сауда ойын-сауық орталықтарында өткізіледі:
1. «Batyr Mall» СОО — Павлодар қ., Камзин көшесі, 67/1.
2. «Miras» СҮ — Павлодар қ., Абай көшесі, 150.
3. «Atrium» СҮ — Павлодар қ., Ак. Сәтбаев көшесі, 245/1.
4. «Манакбай» СҮ — Павлодар қ., М. Жүсіп көшесі, 15.
5. «Новый ЦУМ» СҮ — Павлодар қ., Ак. Сәтбаев көшесі, 63/1.
6. «Старый ЦУМ» СҮ — Павлодар қ., Ак. Сәтбаев көшесі, 63.
7. «Рубин» СҮ — Павлодар қ., Назарбаев даңғылы, 58.
8. «Гулливер» СҮ — Павлодар қ., Назарбаевдаңғылы, 48/1.
9. «Артур» СҮ — Павлодар қ., Назарбаев көшесі, 41.
10. «Квазар» СҮ — Павлодар қ., Естай көшесі, 81.
11. «City Center» СҮ — Павлодар қ., Ак. Сәтбаев көшесі, 130.
12. «Salem» СҮ — Ақсу қ., Астанакөшесі, 5/2.
13. «Aqsu Mall» СОО — Ақсу қ., Ленин көшесі, 24/1.
«Bereke Fest» республикалық акциясы мына сауда желілерімен сауда нысандарында өткізіледі:
2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтеді.
Павлодар облысының тұрғындары үшін қалалар мен аудандарда Call-центр құрылды (дүйсенбі-жұма – сағат 09.00-ден 18.30-ға деін (үзіліс 13.00-14.30); сенбі, жексенбі – сағат 09.00 – ден 13.00 – ге деін).
|
№
|
Аймақ |
Колл-центр |
|
1. |
Павлодар қаласы |
8 (7182) 32-00-36 WhatsApp 8-777-252-47-44 |
|
2. |
Экібастұз қаласы |
8 (7187) 34-08-67 WhatsАpp 8-705-633-65-79 |
|
3. |
Ақсу қаласы |
8 (71837) 6-47-67 WhatsApp 8-775-159-49-23 |
|
4. |
Актоғай ауданы |
8 (71841) 2-16-65 WhatsApp 8-776-103-97-02 |
|
5. |
Баянауыл ауданы |
8(71840) 9-15-38 WhatsApp 8-747-264-40-70 |
|
6. |
Железин ауданы |
(871831) 2-23-43 WhatsApp8-777-393-55-97 |
|
7. |
Ертіс ауданы |
8 (71832) 2-13-63 WhatsАpp 8-708-370-74-90 |
|
8. |
Май ауданы |
8(71838)9-11-93 WhatsАpp8-771-251-44-90 |
|
9. |
Павлодар ауданы |
8 (7182) 32-73-41 WhatsАpp 8-705-191-42-12 |
|
10. |
Аққулы ауданы |
8 (71839) 2-10-28 WhatsАpp 8-775-159-92-73 |
|
11. |
Тереңкөл ауданы |
8 (71833) 2-25-17 WhatsApp 8-778-179-52-64 |
|
12. |
Успен ауданы |
8 (71834) 9-20-99, 9-18-30 WhatsApp 8-708-591-91-69 |
|
13. |
Шарбақты ауданы |
8 (71836)2-19-91 WhatsАpp 8-771-207-27-95 |
Барша Павлодар облысының тұрғындарын белсенді азаматтық ұстаным білдіруге және Қазақстан Республикасы мәслихаттар депутаттарының сайлауға қатысуға шақырамыз!
Жергілікті маңызы бар 3 852 км автокөлік жолын күтіп-ұстауға 2,3 млрд теңге қарастырылған. Қысқы маусымға 36 мердігер ұйым тартылып, 334 арнайы техника дайындалды. Сонымен қатар 10 мың тоннаға жуық көктайғаққа қарсы материал және 658 тонна жанар-жағармай қоры әзірленді. Бұл қажеттіліктің 100% құрайды.
Жазғы кезеңде жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қар басып қалуы мүмкін жол учаскелерінің саны 115-тен 94-ке дейін қысқарды. 186 жылыту пункті дайындалып, жолдар бойында қардан қорғайтын 11,7 мың метр қалқан орнатылды.
Облыс әкімі Асайын Байханов жолдардың қар басып қалуы мүмкін учаскелеріне ерекше назар аударып, қауіпсіз әрі үздіксіз қозғалысты қамтамасыз етуді тапсырды. Ақсу қаласының, Аққулы және Шарбақты аудандарының әкімдіктеріне осы учаскелерді күтіп-ұстау бойынша үш жылдық келісімшарттарға көшу міндеттелді.
Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында өңірлік цифрландыру жоспары бекітілді. Жоспарда көзделген 52 іс-шараның 37-сі орындалды.
Білім беру ұйымдарында жасанды интеллект элементтері мен STEM-жобалар енгізілуде. Qazaq Digital Mektebi пилоттық жобасы 215 шағын жинақты мектепке кезең-кезеңімен енгізіледі. Өңірлік Tomorrow School кампусы базасында қарқынды курстарды 156 қатысушы аяқтап, тағы 82 адам үшінші курстан өтіп жатыр.
«Әлеуметтік әмиян» жобасы аясында 342 мектепте тегін мектеп тамағын ұсыну үдерісіне цифрлық бақылау енгізілген. Кәсіпкерлерге арналған eGov Business платформасы да дамытылуда.
Өңір басшысы шалғай ауылдарды тұрақты байланыс және интернетпен қамтамасыз ету негізгі міндеттердің бірі екенін атап өтті. «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында 207 ауылға дейін талшықты-оптикалық байланыс желілерін тарту көзделген. Автокөлік жолдарында мобильді байланыстың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін 12 антенна-тірегі құрылысын салу жобалары әзірленді.
Жүйелі дамытудың келесі кезеңі 2030 жылға дейінгі Smart Region стратегиясы болмақ. Ол Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларын және аудан орталықтарын қамтиды.
Агроөнеркәсіптік кешенде егіс алқаптары 100% цифрландырылды. Өнеркәсіп кәсіпорындарында цифрландыру бойынша 50-ден астам жоба іске асырылды.
Екібастұзда жылу желілерінің Zulu SCADA цифрлық балама үлгісі енгізілді. Бірыңғай 109 байланыс орталығында өтініштерді өңдеу үдерісін автоматтандыру жұмыстары жүргізілуде. Қоғамдық қауіпсіздік саласында 156 әлеуметтік нысандағы 5 567 камераны біріктіретін Smart City Pavlodar жүйесі дамытылуда. Қазіргі уақытта өртке қарсы мониторинг 211 нысанды қамтиды. Жыл соңына дейін олардың санын 300-ге дейін арттыру жоспарланған.
22 медициналық ұйымда радиологиялық зерттеулерді жасанды интеллект көмегімен талдауға арналған PACS жүйесі енгізілуде. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 9 орталықта Protector AI және VisionGuardAI жүйелері жұмыс істейді.
Халыққа цифрлық қызмет көрсету бағытындағы тағы бір қадам - AI ХҚКО іске қосуға дайындық. Қаражат бөлініп, жабдықтарды сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Технологиялық бастамаларды дамытуға Pavlodar Hub қолдау көрсетеді: 2025-2026 жылдары мұнда 106 іс-шара өткізіліп, 42 стартап-жоба тіркелді.
Цифрлық инфрақұрылымды дамытудағы ірі жобалардың бірі - Екібастұз қаласында KT AI HUB деректерді өңдеу орталықтары алқабын құру. Құрылыстың негізгі жұмыстарын 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Қуаты 50 МВт болатын бірінші кезеңді 2027 жылғы 30 маусымға дейін іске қосу көзделіп отыр.
Firebird AI KZ компаниясы да 3,5 млрд доллар инвестиция салуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Оның ішінде қуаты 109 МВт деректерді өңдеу орталығын салу да бар.
Талқылауды қорытындылаған Асайын Байханов цифрландырудың тиімділігі тұрғындардың күнделікті өміріне тигізетін әсері арқылы бағалануы керектігін атап өтті.
- Цифрлық технологиялардың дамуын тек енгізілген жүйелердің санымен ғана емес, олардың тұрғындар, бизнес және мемлекеттік органдар үшін тәжірибелік пайдасымен де бағалау қажет, - деді өңір басшысы.
20 қазанға дейін көлік, коммуналдық инфрақұрылым, қауіпсіздік, денсаулық сақтау және білім беру салаларын қамтитын 2030 жылға дейінгі Smart Region стратегиясына ұсыныстар енгізу тапсырылды. 30 қазанға дейін архитектуралық порталда ақпараттық жүйелер туралы мәліметтерді өзектендіру қажет.
Негізгі міндеттердің қатарында байланыс желілерін одан әрі дамыту, ақпараттық жүйелерді кезең-кезеңімен QazTech платформасына көшіру және цифрлық шешімдердің нақты нәтижесін қамтамасыз ету бар.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев
Қасиетті жәдігерді өңірге әкелу қарсаңында облыс әкімі Асайын Байханов Қазақстан Православие шіркеуінің басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александрмен, сондай-ақ жәдігерді алып жүрген Грек Православие шіркеуінің Керкира митрополиясының делегациясымен кездесті.
Қасиетті жәдігерді Қазақстанға алып келу 21 қыркүйек пен 10 қазан аралығында өтетін ауқымды құлшылық ету сапары аясында жүзеге асырылуда.
Дін қызметкерлері мен грек делегациясының өкілдерін қарсы алған өңір басшысы қасиетті жәдігердің өңірде болуына қажетті жағдай жасауға облыстың дайын екенін атап өтті.
- Сіздер біздің өңірге ерекше әрі маңызды миссиямен - әлемдегі православие дінін ұстанушылар қастерлейтін қасиетті жәдігерді алып келдіңіздер. Бұл шараға Павлодар облысының ғана емес, Қазақстанның көршілес өңірлерінен және Ресейдің шекаралас облыстарынан да тағзым етушілер келетініне сенімдімін. Біз өз тарапымыздан қасиетті жәдігердің келуіне байланысты дін өкілдеріне қажетті қолдау көрсетіп, барлық жағдайды жасауға дайынбыз, - деді Асайын Байханов.
Астана және Қазақстан митрополиті Александр облыс басшылығына көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдіріп, қасиетті жәдігердің әкелінуінің православие дінін ұстанушылар үшін маңыздылығына тоқталды.
Павлодар қаласында дін қызметкерлері мен шіркеу қауымы өкілдерінің қатысуымен құлшылық рәсімдері мен бірқатар іс-шаралар өтеді. Митрополит Александр Благовещенск кафедралды соборында өтетін Құдайға құлшылық ету рәсіміне басшылық етеді.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев
Тұрғындар нысандардың қауіпсіздігі, жергілікті қоғамдастықтың жұмысы, қараусыз қалған ғимараттарды пайдалану, инженерлік коммуникацияларға қосылу және басқа да мәселелер бойынша жүгінді.
Атап айтқанда, Павлодардағы «Центральный» ГТК аумағына көліктердің кіріп-шығуына қатысты жағдай қаралды. Кооператив иелерімен кездесу ұйымдастырып, орын алған бұзушылықтарды жою мәселесін пысықтау тапсырылды.
Қаратерек ауылының тұрғыны дене шынықтыру-спорт кешенін мамандармен қамту мәселесін көтерді. Пилоттық жоба аясында екі колледжде дуальды оқыту енгізілді. Облыс әкімі спорт инфрақұрылымын дамыту және жаттықтырушылар даярлау бағытындағы жұмысты жалғастыруды тапсырды.
Сондай-ақ жергілікті қоғамдастықтың жұмысы және Қаратерек ауылындағы қараусыз қалған екі ғимаратты пайдалану мәселелері қаралды. Май ауданының әкімдігіне нысандардың жай-күйін зерделеу тапсырылды.
Көтерілген мәселелердің барлығы бақылауға алынды.
Жеке қабылдауға eGov.kz, E-otinish.kz немесе әкімдіктің WhatsApp +7 702 166 16 61 нөмірі арқылы жазылуға болады.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев
Биылғы егін жинау науқаны әдеттегіден екі апта ерте басталды. Жұмыс қарқыны өткен жылмен салыстырғанда 23%-ға жоғары. 1,55 млн га алқаптың 1,15 млн гектары немесе 74%-ы жиналды. Бұл ретте егін алқабының көлемі 7%-ға, яғни 102,5 мың гектарға ұлғайды.
Дәнді дақылдар алқаптарын жинау жұмыстары аяқталды: 773,4 мың га немесе 98% жиналды. Орташа өнімділік 9,1 ц/га құрап, 707 мың тонна астық бастырылды. Қалған қарақұмық алқаптарын Успен, Шарбақты және Тереңкөл аудандарында жинап алу қажет.
Картоптың 97%-ы, көкөністің 99%-ы жиналды, бақша және жемшөп дақылдарын жинау жұмыстары аяқталды. Майлы дақылдардың 292,2 мың га алқабы немесе 43%-ы жиналды. Өнімділігі 10 ц/га құрады.
Сонымен қатар 2027 жылғы егіс науқанына дайындық жұмыстары жүргізілуде: 189,9 мың га егіс алқабы өңделіп, 212,3 мың га күзгі жер жырту жұмыстары жүргізілді.
Егін жинау жұмыстарына 2 286 трактор, 2 367 комбайн, 2 668 автокөлік және 1 275 трактор тіркемесі жұмылдырылды. Жыл басынан бері шаруашылықтар 37 млрд теңгеге 1 222 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды. Оның ішінде 21,9 млрд теңгеге 575 техника лизинг арқылы алынды.
Егін жинау науқанына 31,7 мың тонна дизель отыны бөлінді, бұл қажеттілікті толық қамтамасыз етеді. Бұдан бөлек, астықты кептіруге 2 080 тонна дизель отыны қарастырылған, қажетті көлемге өтінімдер толық берілді.
Өсімдік шаруашылығын қолдауға 9,4 млрд теңге субсидия бағытталды. «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша 30,1 млрд теңгеге 339 несие берілді. «Азық-түлік корпорациясы» 6,4 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімін сатып алу үшін 455,7 млн теңгеге алты форвардтық келісімшарт жасасты.
Жемшөп дайындау жұмыстары да бақылауда. Бүгінгі таңда 1,32 млн тонна шөп дайындалып, оның 921,4 мың тоннасы сақтау орындарына жеткізілді. Өткен жылдан қалған қор: 112,7 мың тонна пішендеме, 242,1 мың тонна сүрлем және 326,5 мың тонна сабанды құрайды.
Ауа райының күрт суытуына байланысты өңір басшысы Асайын Байханов егін жинау жұмыстарын аяқтауды және 2027 жылғы өнімге қажетті тұқым қорын қалыптастыруды күнделікті бақылауға алуды тапсырды.
10 қарашаға дейін күзгі дала жұмыстарына бөлінген арзандатылған дизель отынын толық алып, мақсатты пайдалануды қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша алынған несиелердің қайтарылуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау тапсырылды. Мерзімі - ағымдағы жылдың 25 желтоқсанына дейін.
Сонымен қатар, азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру шаралары қаралды. Павлодар облысында 21 тауар түрі бойынша баға республикалық орташа деңгейден төмен. Тағы 13 азық-түлік түрі бойынша өңір баға деңгейі ең төмен бес облыстың қатарына кіреді.
Негізгі құралдардың бірі - тұрақтандыру қоры. Қазіргі уақытта онда 13 түрлі 7,7 мың тонна өнім бар және жалпы құны 2 млрд теңгені құрайды. Жыл басынан бері 227 серіктес дүкен арқылы 883,8 млн теңгеге 3 088,1 тонна өнім сатылды.
Айналым схемасы аясында «Ирвема» ЖК-не 13 түрлі тауарды сауда үстемесі төмендетілген бағамен өткізу үшін 190 млн теңге бағытталды. Тағы бір тетік - «Әлеуметтік әмиян» пилоттық жобасы. «Техноснаб ПВ» ЖШС-мен 180 млн теңгеге қарыз беру туралы келісімшарт әзірленуде. Жеңілдетілген бағамен өнім «Ваш» сауда желісінде атаулы әлеуметтік көмек алушыларға сатылады.
«Jailau» базарында күн сайын өнімдер төмендетілген бағамен сатылуда. Қалалар мен аудандарда апта сайынғы жәрмеңкелер жалғасуда. Жыл басынан бері 408 жәрмеңке өткізілді.
Делдалдық схемаларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссия 31 отырыс өткізді. 81 бұзушылық анықталып, 1,5 млн теңгеге 105 әкімшілік хаттама толтырылды.
Талқылау қорытындысы бойынша облыс әкімі баға мониторингін және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген 15%-дық сауда үстемесінің сақталуын бақылауды күшейтуді, сондай-ақ тұрақтандыру қорының өнімдерін белсенді пайдалануды тапсырды.
Ауыл шаруашылығы басқармасына, қалалар мен аудандардың әкімдеріне және «Павлодар» ӘКК» АҚ-на ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өнімдерін делдалдарсыз тікелей өткізу арқылы апта сайынғы жәрмеңкелерді өткізуді жалғастыру тапсырылды.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев
Облыс әкімінің өкімімен Серік Халелов Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Серік Абдоллаұлы Халелов 1974 жылы туған, екі жоғары білімі бар. Еңбек жолын 1991 жылы бастаған.
1993-2007 жылдары Шығыс Қазақстан облысының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы-оқытушы болып жұмыс істеді. 2007-2012 жылдары олимпиадалық резервті даярлау орталығын басқарды. 2012-2013 жылдары облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.
2013-2025 жылдары Өскемен және Астана қалаларындағы мемлекеттік органдардың дене шынықтыру және спорт саласындағы ведомстволық бағынысты ұйымдарында басшылық және атқарушы лауазымдарда еңбек етті.
2026 жылдың мамыр айынан осы лауазымға тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитетіне қарасты «Астана» олимпиадалық даярлау орталығында спорт әдіскері қызметін атқарды.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев
Павлодар облысы әкімінің өкімімен Қадиша Беготаева Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Қадиша Қабылдақызы 1969 жылы Новосібір облысында дүниеге келген. 1990 жылы Қарағанды кооперативтік институтын «Бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметті талдау» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 1990 жылы Павлодар облысы Железин ауданының автокөлік шаруашылығында бас бухгалтер болып бастаған.
1995-1999 жылдары Железин ауданының қаржы бөлімінде бас бухгалтердің орынбасары, бас бухгалтер қызметтерін атқарды.
1999-2015 жылдары Железин ауданының қаржы және экономика бөлімінде басшылық қызметтерде жұмыс істеді.
2015-2021 жылдары Павлодар облысы қаржы басқармасы басшысының орынбасары болды.
2021 жылдан осы лауазымға тағайындалғанға дейін Павлодар қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 30 жылдан асады.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев