Түркиялық кәсіпкерлер әріптестікке дайын

Түркиялық кәсіпкерлер әріптестікке дайын

Облыс әкімі Павлодар облысы мен Түркия Республикасының арасындағы сауда айналымы 64 миллион долларды құрайды, оның ішінде 61 миллион алюминий экспортынан тскен қаражат. Болат Бақауов біздің өңір түрік әріптестерімен өнеркәсіп, туризм, медицина және ауыл шаруашылығы салаларында да әріптестікке дайын екендігін атап өтті.

– Түркия жасымықты ірі көлемде экспорттайды. Тек, Канаданың өзінен ғана жыл сайын 80 мың тонна жасымық экспортталады екен, – деді ол. – Біздің облыста өсірілетін жасымықтың сапасы канадалық дақылдан еш кем емес. Облысымыздағы ауыл шаруашылық тауар өндірушілері жасымықты ірі көлемде өсіріп, Түркияға тасымалдауға әзір.

Сонымен бірге, түркиялық қонақтарға облыс орталығында бес жұлдызды қонақ үй салу ұсынылды. Ол үшін инвесторға алдағы уақытта салынып жатқан «Достық» шағын ауданында жер учаскесін беру мүмкіндігі туралы айтылды. Конфедерация президенті барлық ұсыныстарды қарап, жақын арада жауап береміз деп уәде берді.

– Біз кезінде Арабия түбегі, Еуропа және Азия елдерімен көптеген іскери келісімшарт жасасқан едік, – деді Незакет Әмина Атасой. – Енді біз Орталық Азияда әріптестікке дайынбыз. Бұл өңірдегі біздің негізгі әріптесіміз Қазақстан болмақ. Біз экономиканың барлық секторында сенімді байланыс құруға ниеттіміз. Жасымықты экспорттау мәселесіне келетін болсақ, Түркияға келе салысымен осы жобамен айналысатын боламыз. Сонымен бірге, біз Павлодарда өндірілетін алюминий экспортының көлемін арттыру бойынша да қолдау көрсететін боламыз.