Invest in Pavlodar

 Invest in Pavlodar

Дөңгелек үстел барысындағы кездесуге Жапония, Иран, Австрия, Белоруссия және өзге елдердің дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары қатысты. Аймақ басшысы EXPO-2017 кезіндегі павлодарлық мамандардың жұмыс нәтижесін атап өтті. Астанада өткен халықаралық көрменің арқасында үлкен жобаларды іске асыруды бастау үшін Германия, Жапония, Израиль, ҚХР, Иран, Мысыр, АҚШ және басқа мемлекет өкілдерінің қатысуымен 30 ресми кездесу ұйымдастырылды.

– Көрмені өткізу барысында орталық қызметкерлері жақын және алыс шетел мемлекеттерінің 180 астам компания өкілдерімен кездесіп, Павлодар облысына 6 роуд-шоу ұйымдастырылды, ресми делегация мен орталық қызметкерлері республикалық және халықаралық деңгейдегі 25 іс-шараға қатысты, – деді Болат Бақауов. – EXPO алаңында өткен кездесудің нәтижесі Қытаймен ынтымақтастық жасасумен аяқталды. ҚХР Шаньси және Шэньси провинцияларында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Қазіргі уақытта қой етін, күнбағыс майын, жем-шөп, тауық өнімдерін жеткізу бойынша қытай серіктестеріне арналған ұсыныстар дайындалуда. Қытай компаниясымен бірлесіп бір ретте 30 мың тонна май өндіретін май өңдеу зауытының құрылысы жоспарлануда.

Аймақ басшысы облыстың инвестициялық әлеуетімен таныстырды. Географиялық орналасқан жері, табиғи ресурстарға қолжетімділігі, электроэнергияның төмен бағасы, білікті кадр әлеуеті мен өнеркәсіп мүмкіндігі – осы аталғандардың барлығы инвестициялаудың негізгі факторлары болып табылатындағын атап өтті.

– «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ алғашқы алюминийдің 250 мың тоннасы өндіріледі, ол қазіргі уақытқа дейін экспортқа шығарылады, – деді облыс әкімі. – Мұнай өңдеу саласында «ПМХЗ» ЖШС мен «Air Liquide» француз трансұлттық компаниясы ПМХЗ қажеттілігі үшін техникалық газ өндірудің аутсорсинг қызмет көрсету жобасын іске асыруда. Өнеркәсіп қалдықтары да ұтымды пайдаланылады. Облыста кәріс кәсіпкерлерімен тұрғызылған көмірді брикеттеп шығару зауыты да жұмыс істейді. Ағымдағы жылы өнеркәсіпті кеңейту үшін 200 миллион теңгеге инвестициялау жоспарлануда.

Кездесу қатысушыларымен Павлодар облысының «Пахарь» ШҚ» ЖШС, «Рубиком» ЖШС, «КазЭнергоКабель» ЖШС және өзге кәсіпорындарының өкілдерімен серіктестік мүмкіндігі туралы мәселе талқыланды.