
36 бір бөлмелі, 81 екі бөлмелі және 27 үш бөлмелі тоғыз қабатты тұрғын үй Кутузов-Донецкая көшелерінің қиылысында орналасқан. 13,7 мың ш.м. көп қабатты құрылыстың құны 1,6 миллиард теңгені құрайды

– Бірнеше жыл бұрын осы жер бос жатқан еді, бір жарым жыл ішінде зәулім үй бой көтерді. Елімізден береке мен бірлік кетпесін. Мереке баршамызға құтты болсын, – деп құттықтады Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов.

Үй құрылысын «Байтерек Девелопмент» АҚ арқылы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тапсырылды.
