Тәуелсіздік мейрамы қарсаңындағы қоныс тойы

Тәуелсіздік мейрамы қарсаңындағы қоныс тойы

Екібастұз қаласында 72 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді. Пәтери иелеріне жаңаүйдің кілттерін Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов табыстады.

Аймақ басшысы екібастұздықтарды мерекемен құттықтап, жаңа қоныстарының шаттық пен жылуға толы болуын тіледі. Сонымен бірге, ол тұрғын үй құрылысы саласындағы келесі жылғы жоспарлар туралы айтып берді. 

– Мемлекет басшысы бізден әр отбасының жеке пәтері болуын талап етіп отыр. Жергілікті атқарушы билік өз тарапынан бұл міндетті жүйелі түрде жүзеге асырумен айналысуда, – деді облыс әкімі. – Өткен жылы біз жалпы аумағы 184 мың шаршы метр тұрғын үйлерді қолданысқа бердік. Биылғы жылы 210 мың шаршы метр үй салынды. Келесі жылы біз 300 мың шаршы метр үй салуды жоспарлап отырмыз.

  Жаңа үйдің ауданы 3,6 мың шаршы метрді құрайды. Тоғыз қабатты үйде 36 бір бөлмелі, 20 екі бөлмелі және 16 үш бөлмелі пәтер бар. Құрылыс жұмыстарының құны 560 миллион теңгеге жуық соманы құрайды.