
«Достық үйінде» өткен дәстүрлі кездесуде Болат Бақауов ЭМБ жетекшілерін Тәуелсіздік күнімен құттықтап, оларға бейбітшілік пен келісімді нығайтуға қосқан үлестері үшін алғыс айтты. Сонымен бірге, аймақ басшысы этномәдени бірлестіктердің жетекшілеріне гранттар табыстады.
Кездесудің ресми бөлімінен кейін қоғамдық бірлестік өкілдері облыс әкіміне өздерін толғандырған сауалдарды қойды. Грек диаспорасының «Эльпида» облыстық ұлттық-мәдени орталығының жетекшісі Людмила Ифандопуло аймақ басшысынан ел көлемінде және Ресейдің көршілес өңірлеріне гастрольдік турға шығуға мүмкіндік беру үшін автобус сыйлауды сұрады. Болат Бақауов бұл мәселені шешуге көмектесетінін жеткізді.
