Келе жатыр жаңа жыл

Келе жатыр жаңа жыл

Аталмыш шараға ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған отбасылардың балалары, сондай-ақ дарынды оқушылар қатысты. Кішкентай меймандар жаңа жылдық киімдерін киіп келді, ал, арнайы шақырылған аниматорлар түрлі конкурстар мен ойындар ұйымдастырып, бүлдіршіндердің көңіл-күйін көтеріп тастады.

– Жаңа жылда барлығыңызға денсаулық пен бақыт тілеймін. Өз басым жаңа жылдық ғажайыптарға сенемін, – деді 10 жасар Аружан.

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов балалармен бірге шыршаны шыр айналды. Ол жаңа жылда жас болсын, ересек болсын, әр адам тілек тілейтінін айтты.

– Ата-аналарыңды оқу мен спорттағы ғана емес, әркүндік еңбектегі жетістіктеріңмен де қуантыңдар. Сендер – біздің болашағымызсыңдар, сендер – сүйікті Қазақстанымыздың іргетасын қалауды жалғастырушысыңдар.

Облыс әкімінің атынан балаларға планшет, ойыншық пен тәттілер сыйға берілді.