Қыстың қаһары қатты

Қыстың қаһары қатты

Аппарат кеңесі барысында аймақ басшысы өзінің қабылдау бөлмесіне Павлодар облысы арқылы өзге аймақтарға жол қатынап, иаяздың кесірінен автосапаржайда қалуға мәжбүр болған жолаушылар көптеп қоңырау соғып жатқанын мәлімдеді. Бұған дейін, 21 қаңтар күні кешкі сағат ондар шамасында салонында 22 жолаушы бар, Омбыдан Өскеменге бет алған автобус тоқтатылған еді. Дизель отынын қолданатын автобус қазіргі кезде өз сапары бойынша жол жүріп кетті.

– Жолаушылар түнгі уақытта жолда тұрып қалмауы үшін сапаржайдан қатынайтын қоғамдық көлікке шектеу қойылды, – деді аймақ басшысының бірінші орынбасары Ұлан Жазылбек. – Өңіріміздің ТЖ қызметтері Ақмола және Қарағанды облыстарындағы әріптестерімен байланысып, аяз қысқан өзге аймақтардан да автобустардың жолға шығуына жол бермеді.
Анықталғандай, бұл мәселені павлодарлық құтқарушылар Ресей Федерациясының көршілес өңірлерімен де талқылаған екен.

– Таңертеңнен бері мен қалалар мен аудандардың әкімдерімен сөйлестім. Цельсий бағаны бойынша – 43 градусты құраған ең төмен температура Ақтоғай ауданының Шолақсор ауылында тіркелді. Ауа райының аса суық болуына байланысты өңірдегі көлік қозғалысына шектеу қойған абзал, – деді Болат Бақауов. – Егер қажет болса, жол қауіпсіздігі органдарының жолаушылар көліктерін қадағалап, олар тек күндізгі уақытта ғана қатынауын бақылауға алады.

Кеңес барысында облыстық ТЖ департаментінде арнайы жәрдем орталығы жұмыс істейтіні белгілі болды. Қалалар мен аудандарда жолдар жабылып,. Коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істей бастады. Аймақ басшысы жағдайды қатаң бақылауға алып, аязды күндері өрт қаупі жоғарылайтын жер үй секторында алдын алу жұмыстарын жүргізуді тапсырды.