
Бүгінгі күні 23 жаңа трамвайдың үшеуі Павлодарға жеткізілді: екеуі желіге шықса, ал үшіншісі жақын арада жүретін болады. Тағы үш трамвай 90% дайын және Минскіде құрастырылады, бірақ қозғалтқыш жиынтығы бастапқы қалыпта қалады.
– Соңғы кесте бойынша барлық 23 трамвайды 31 наурызға дейін алуымыз қажет, бірақ көрсетілген мерзімде жеткізу екіталай, – деп атап өтті «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басшысы Ян Марина. – Біздің ойымызша, барлық вагондар Павлодарға Ресей зауытында қозғалтқыштарды өндіру бойынша жұмыс мөлшері төмендеген кезде 31 мамырға дейін жеткізіледі.

Павлодар облысының әкімі жағдайдың басын ашып, жаңа трамвайларды жеткізудің нақты мерзімін анықтауды тапсырды.
– Трамвайды жеткізушілер келісімшартты ұзартуды Үкімет арқылы сұрап жатыр, – деді Болат Бақауов. – Нақты мерзімді қою керек. Осы аптада ресми хат жіберуіміз қажет.
Сондай-ақ аймақ басшысы аудандарда денсаулық сақтау нысандарын тиімді пайдалану мәелесін талқылады. Оның айтуынша, кейбір аудан орталықтарындағы ауруханалардың жарты ауқымы ғана жұмыс істейді.

– Қаңтар айының басында әкімдіктің жұмыс тобы Железин ауданының 8-10 жыл бұрын бой көтерген аудандық ауруханасына барды – қазіргі уақытта оның 50% бос тұр, – деді әкім. – Қашыр ауданының туберкулез ауруханасының жағдайы да осындай. Атап айтсақ, бұл ғимараттар жаңадан салынған, бірақ толық көлемде жұмыс істейді. Сонымен қатар, екі ғимарат та бюджет есебінен толық көлемде жылытылады. Сондықтан бос ғимараттардың мәселесін шешуіміз қажет. Мүмкін емхана немесе оңалту орталығын ашу қажеттілігі бар шығар. Еске салсақ, Май ауданындағы аурухана, оның базасында еліміз бойынша алғашқы оңалту орталығы жұмыс істейді.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ораз Мұқашевтың айтуынша, қазіргі уақытта аудан ауруханаларының жүктемесі бұрынғыдай емес. Осы себептен аталған ауруханаларды өзгерту және оңалтуға арналған төсек орындар бөлу мәселесі қарастырылуда. Аудандарда медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгеннен кейін жұмыс істейтін болады және аталған төсек орындар міндетті түрде толтырылатын болады.