Жаңа диагностикалық орталық ашылады

Жаңа диагностикалық орталық ашылады

Облыс орталығындағы іссапар барысында қонақтар болашақ диагностика орталығына қолайлы ғимарат таңдады. Бірнеше аурухананы аралап шыққан олар бұрынғы Палодар аудандық емханасының ғимаратына тоқталды. Қазіргі кезде тараптар орталыққа қажетті жайларды сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру шарттарын қарастырып жатыр.

 – Павлодардағы дигностика орталығы ашылған соң адамдар өз денсаулығын тексеруге тек қана Қазақстанның қалаларынан ғана емес, жақын шет елдерден де келеді деп ойлаймын, – деді оңтүстік кореялық аурухананың басшысы. – Аурудың себептерін анықтап, дер кезінде алдын алу оның салдарымен күресуден әлдеқайда тиімді. Бұл ұстаным жаңа диагностикалық орталықтың басты ережесіне айналады.

Болашақ диагностикалық орталықта орналасуы тиіс құрал-жабдықтың жалпы құны 90 миллионнан асып түседі. Павлодарлықтар ол үшін ақы төлемейді. Тек қана, медициналық техниканы жеткізіп, жеңілдікпен кедендік шығындарын төлесе болғаны.

– Құрал-жабдықтардың ішінде заманауи рентген құралы, ультрадыбыстық диагностика жүйесі, мидың қан айналымын өлшеу құралдары, жүрек-өкпе реанимациясы құралдары, науқастарға арналған мониторлар және басқа да құрал-жабдықтар бар, – деді Хо Дже Так. – Техниканың бәрі қапталып, дайын тұр. Қазақстанға кез келген уақытта жеткізуге болады. Әрине, орталықта жұмыс істейтін мамандардың біліктілігін арттыру басты назарда болуы керек. Сондықтан, біз жақын арада павлодарлық дәрігерлерді Оңтүстік Кореяға тағылымдамаға шақыратын боламыз. 

Аймақ басшысы кореялық әріптестерге барынша қолдау көрсетіліп, медициналық техниканы облыс орталығына жеткізу бойынша көмек көрсетілетінін айтты.  

– Мемлекет басшысы өңірлерге барлық сала бойынша, оның ішінде медицина да бар, инвестиция тарту міндетін қойды, – деді облыс әкімі. – Оңтүстік Кореядағы медцина бұрыннан сандық жүйге көшірілгені туралы білемін. Тұрғындар өзінің денсаулығы туралы планшет арқылы біледі. Сіздер медицина саласында сандық жүйені енгізу бойынша да жаңалық енгізе аласыздар деп ойлаймын.

Болат Бақауов Оңтүстік Кореядан келген қонақтарға диагносткиа орталығын іске қосқаннан кейін денсаулық сақтау  саласындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті ары қарай дамыту перспективаларын талқылауды ұсынды.